Хаттама № 4
«Мойынқұм ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесінде 6 сынып оқушыларының ата-аналары арасында жиналыс болып өтті.
3.05.2017 ж.
Жалпы оқушы саны – 10
Қатысқаны – 8 ата-ана
Күн тәртібінде:
Оқушылардың ІV тоқсан бойынша қорытынды бағаларын, оқушылардың пәндерге ынтасы мен қызығушылығын мәлімдеу.
Балалардың жетістіктері туралы ата-аналарға хабарлау.
«Қауіпсіздік ережелері» туралы.
Мектеп психологы Жиенбекова Маяның баяндамасы
Әр түрлі сұрақтар
Тыңдалды:
1 сұрақ бойынша сынып жетекші Тоханова Марал сөз сөйледі. Оқушылардың
4 – тоқсан бойынша бағаларын мәлімдеп, «жақсы» деген бағадан «қанағаттан-дырарлық» бағаға түсіп кеткен оқушылардың сол пәндерге ынтасы мен қызуғышылығын мәлімдеді. Ата- аналар жиналысына шақырылған пән мұғалімдері Абилдаева Ү оқушылар туралы айтты.
2 сұрақ бойынша сынып жетекші оқушылардың жетістіктері туралы айтты.Аудандық «Мәңгілік ел» тәрбие - білім орталығы ұйымдастырған «Ұлы даланаң өнерпаздары» атты байқауға қатысқаны туралы және оқушалардың марапатталғаны жайында айтылды.Қазақ тілі және әдебиет, математика, физика, информатика,технология пәндері апталығында белсенді қатысқан оқушылар туралы айтылды.
3 сұрақ бойынша сынып жетекшісі сөз сөйлеп қауіпсіздік ережелерімен ата-аналарды таныстырып, жолда бала сақ жүруіне, абай болуына ата-аналарға үгіт-насихат жұмыстар жүргізіп, қол қойғызды.
4 сұрақ бойынша мектеп психологы Жиенбекова Мая суицид туралы баяндама оқыды.
Жиналыс қаулы етеді:
Оқушылардың сабаққа дайындығын бақылау, сыныптың білім сапасын көтеру.
Қауіпсіздік ережелерін ата-аналар балаларына үнемі сынып жетекшісімен қатар түсіндіріп отырсын.
Сынып оқушыларының оқу сапасының көтерілуін сынып жетекшісі мен пән мұғалімдері, ата-аналар бірлесіп жұмыс жасау.
Оқушылардың тәртібіне және күнделіктеріне назар аудару.
Ата-аналар комитетінің төрайымы: Сарсембаева Рымкүл
Хатшы: Тоханова Марал Садыбаевна
Достарыңызбен бөлісу: |