Хаттама коды: е-009 "Қан құйылу тəрізді белгісіз инсульт немесе инфаркт" Жедел медициналық көмек Кезең мақсаты


Субарахноидалды қан құйылулардың қауіп-қатер факторлары



бет2/6
Дата17.09.2023
өлшемі31,14 Kb.
#108264
1   2   3   4   5   6
Субарахноидалды қан құйылулардың қауіп-қатер факторлары:
- субарахноидалды кеңістікте орналасқан артериялардың инфекционды - токсикалық, паранеопластикалық жəне саңырауқұлақтармен зақымдалуы;
- əртүрлі этиологиядағы артерииттер;
- қанның аурулары;
- ми веналары мен синустарының тромбозы;
- жыныс қатынасы кезінде, эмоционалды күштемеде, қатты жөтелгенде, дефекацияда, аяқ- астынан ауыр көтергенде артериялық қысымның тым жоғары жəне күрт көтерілуі;
- түнгі ұйқыда венозды қан айдаудың нашарлауы, ми қан тамырларының тез арада атеросклерозды бұзылыстары;
- субарахноидалды кеңістікке беткей орналасқан ми ішілік геморрагиялық үзілулер;
- ауыр алкоголды уланулар.
Диагностика

Диагностика критерилері

Ми қан айналымының жіті бұзылыстары бірден пайда болады (минуттар, сирек сағаттарда) жəне ошақты немесе жалпы милық менингеалды неврологиялық симптомдардың пайда болуымен сипатталады.

Ошақты неврологиялық симптомдар:
- қозғалмалы (геми-, моно-, парапарездер);
- сөздік (сенсорлы, моторлы афазия, дизартрия);
- сезімталдық (гемигипалгизия, терең жəне күрделі сезімталдықтың бұзылыстары);
- координаторлы (вестибулярлы, мишықтың атаксиясы, астазия, абазия т.б);
- көру (скотомалар, квадрантты жəне гемианопсиялар,амавроз,фотопсиялар т.б);
- ми қабы қызметінің бұзылысы (астериогноз, апроксия жəне т.б).

Жалпы милық симптомдар:
- бастағы сергектіктің төмендеуі, субъективті сезінулер «түсініксіздік», «тұмандауы» сияқты жеңіл сезімдер мен терең комаға дейінгі жағдайлар;
- бастың ауруы, жүйеусіз сипаттағы бастың айналуы, жүрек айнуы, құсу, бастың шуылдауы.

Менингеалды симптоматика:
- мойын арты бұлшық етінің тартылуы;
- Керниг, Брудзинский (жоғарғы, ортаңғы, төменгі), Бехтеров симптомдарының оң болуы.

Геморрагиялық инсульттің диагностикалық критерийлері:
- бастың бірден ауруы, құсу;
- тез арада (немесе кенеттен) есінің тежелуі, ошақты симптомдармен қатар жүруі;
- сергек кезде, күндіз, аяқ - астынан пайда болады;
- беттің қошқылдануы (плетор), көздің жабылуы , кейде көп мөлшерде тердің бөлінуі, зəрді ұстай алмау, пульстің қатқылдануы, жарты шарға массивті қан құйылу кезінде - артериялық қысымның көтерілуі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет