Хаттама толтырыңыз: Тапсырма Ас қорыту жолы органдарын атап, олардың құрылымын сипаттаңыз



бет1/7
Дата19.04.2023
өлшемі37,35 Kb.
#84259
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Умарова Жанель 11 хаттама


Практикалық сабаққа арналған тапсырмалар
Ас қорыту физиологиясы


Тақырып: Ас қорытру органдарының анатомиялық құрылымы. Асқорыту жүйесін зерттеу әдістері. Ас қорыту жүйесінің бөлімдеріндегі астың қорытылуы (ас қорыту конвейері). Сөлдердің құрамы


Хаттама толтырыңыз:
Тапсырма 1. Ас қорыту жолы органдарын атап, олардың құрылымын сипаттаңыз.
Ас қорыту жүйесі ауыз кусындағы ағзалардан, жұтқыншақ, өңеш, қарын, он екі елі
ішек, аш ішек, тоқ ішек, сөл шығаратын бездер мен бауырдан тұрады.
Ауыз қуысы— ас корыту жүйесі бас бөлімінің алдыңғы бөлігі. Ауыз қуысының
сүйектік негізінен: тұмсық сүйек, жоғарғы жақ сүйек, тандай сүйек, төменгі жақ сүйек,
тіл асты сүйек құрайды. Ауыз қуысының жоғарғы және төменгі еріндер аралығындағы
кіреберіс тесігін — ауыз саңылауы, ал оның тіл түбірі мен жұмсақ таңдай
аралығындағы жұтқыншаққа шығатын тесігін — есін деп атайды. Ауыз қуысының
алдыңғы сыртқы қабырғасын — жоғарғы және төменгі ерін, ішкі қабырғасын — күрек
тіс пен қызыл иек, екі бүйірінің сыртқы қабырғасын — оң және сол ұрт, ішкі
қабырғасын — оң және сол жақтағы азу тістер мен қызыл иек, төбесін — қатты және
жұмсақ тандай, ал төменгі жақаралық кеңістікте орналасқан ауыз қуысының түбін тіл
құрайды.
Жұтқыншақ - түтік пішінді қуыс, бұлшықетті мүше, көлденеңжолақты бұлшықет
ұлпасынан тұрады. Жұтқыншақ мойын омырт-қалардың алдыңғы жағында орналасқан.
Ересек адамда оның ұзындығы, шамамен 11—13 см. Жұткыншақтың төменгі бөлігі әрі
өңешпен, әрі көмекеймен байланысады. Жұтылған тамақ жұтқыншақ арқылы өңешке
түседі. Тыныс алғанда ауа жұтқыншақ арқылы көмекейге өтеді. Жұтқыншақ аркылы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет