Хаттама толтыру: №1 тапсырма. «Гормондардың жалпы қасиеттері» атты кестені толтырыңыз


Гипоталамус-гипофиз жүйесі 2 бөлімнен тұрады



бет2/6
Дата03.12.2023
өлшемі0,53 Mb.
#133723
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Гипоталамус-гипофиз жүйесі 2 бөлімнен тұрады:


1. «Гипоталамус-аденогипофиз» жүйесі. Аденогипофиз гормондарының бөлінуін реттейді.
Гипоталамустың жүйке жасушаларында рилизинг-факторлар түзіледі: Либериндер(гормондардың бөлінуін күшейтеді) және статиндер( гормондардың бөлінуін тежейді). Рилизинг-факторлар қан арқылы аденогипофизге жетеді. Рилизинг-факторлар нервтік импульстер әсерінен және қандағы гормон мөлшерінің өзгеруінен нейросекрециялық байланыс арқылы бөлініп тұрады.


2.«Гипоталамус-нейрогипофиз» жүйесі.
Гипоталамустың супраоптикалық ядросында вазопрессин түзіледі.
Ал паравентрикулярлық ядросында – окситоцин түзіледі.
Бұл гормондар жүйке аксондары бойымен гипофиздің нейропигофиз бөлігіне келіп жетеді, осы жерде нейрокапиллярлық синапстар құрайды, сол синапстардан гормондар қанға өтеді.

7 тапсырма.


А. «Рилизинг-факторлар» атты кестені толтырыңыз (атап өтіңіздер).



Рилизинг-факторлар (гипоталамус гормондары)

А) Либериндер

В)Статиндер

кортиколиберин



соматостатин

тиролиберин



меланостатин

люлиберин

пролактостатин

фоллилиберин






соматолиберин










Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет