НЕСЕП-ЖЫНЫС ЖҮЙЕСІ БОЙЫНША БӨЖ ТАПСЫРМАЛАРЫ
ХАТТАМАЛАРДЫ ТОЛТЫРУ:
№ 1 тапсырма. «Несеп түзілуінің гормондар арқылы реттелуі. Қанның иондық құрамы» тақырыбы бойынша кесте толтыру.
№
|
Гормон мен оны бөлетін бездің атауы
|
Гормонның қызметтік маңызы
|
1.
|
Вазопрессин
|
қан айналу жолымен бүйрек үсті безіне барып, альдестерон гормонының өнімін арттырады. гиалуронидаза ферментінің белсенділігін жоғарылатып, несеп жинағыш түтікшелердің клеткааралық заты гиалурон қышқылын ыдыратады.
|
2.
|
Жыныс гормондары
|
бүйрек ішіндегі сүзу, кері сіңу құбылыс тарына әсер ету арқылы судың және натрий тұзын ың мөлшерден тыс сыртқа шығып кетпеуін қадағалайды.
|
3.
|
Адреналин
|
артерия қан тамырларын тарылтып, нефрондарда сүзілу қысымын өсіріп, несептің түзілуін жеделдетеді және тұздардың шығуын тездетеді.
|
4
|
Альдестерон
|
адреналинмен бірге бүйректегі реабсорбцияны (кері сіңу) реттейді.
|
5
|
Антидиурез(АДГ)
|
несептің жасалуы мен құрамын реттейді.
|
6
|
Тироксин
|
органикалық заттардың көпшілігі шумақтағы сүзілуді көбейтеді
|
7
|
Инсулин
|
жасушааралық кеңістікте судың ұсталуына әсер етеді, ал ол олигурияға әкеліп соғуы мүмкін
|
8
|
Гипофиздің алдыңғы бөлімінің соматотропты гормоны
|
организмдегі жалпы зат алмасу дәрежесіне әсер ету арқылы диурезді көбейтеді.
|
9
|
Гипофиздің артқы бөлігі
|
қанға АДГ-ны көп мөлшерде түседі. Несеп жинайтын түтік нефрондарында кері сіңуді күшейтіп, суды ұстап қалады. Соның нәтижесінде көлемі аз, бірақ құрамында тұзы көп несеп жасалады да организм артық тұзды несеппен шығарып, қажетті суды сақтап қалады.
|
№ 2 тапсырма. Несептің түзілуіне гидростатикалық қысымның, осмостық қысымның, капсулаға қан әкелетін және әкететін артерия қантамырлары диаметрінің әсері.
(Виртуальды физиологиялық тәжірибе)
Капсула шумақтарында жүретін сүзілу үдерісіне шумақ мембранасының барлық сүзілу үдерісі жүретін беткі қабаты, шумақ капиллярларындағы қан қысымы (ШҚҚ), Шумақтық сүзілу коэффициенті (ШСК) әсер етеді. Шумақтық сүзілу коэффициенті (ШСК) жүректен шығатын қанның (Жүрек шығарылымының) шамамен 20%-ын құрайды және оның көлемі капиллярлардың тарылуы немесе кеңеюіне байланысты болады.
Достарыңызбен бөлісу: |