Хаттамаларды толтыру



Дата22.12.2023
өлшемі240,79 Kb.
#142507
түріҚұрамы
Байланысты:
Жанболатқызы Бибіхан 13 апта (2)


НЕСЕП-ЖЫНЫС ЖҮЙЕСІ БОЙЫНША БӨЖ ТАПСЫРМАЛАРЫ
ХАТТАМАЛАРДЫ ТОЛТЫРУ:

1 тапсырма. «Несеп түзілуінің гормондар арқылы реттелуі. Қанның иондық құрамы» тақырыбы бойынша кесте толтыру.







Гормон мен оны бөлетін бездің атауы

Гормонның қызметтік маңызы

1.

АДГ (антидиуретикалық гормон)



су реабсорбциясын

2.

Натрийуретикалық гормон

Na+ ионының шығуын



3.

Паратгормон

Са+ және Mg2+ иондарының сіңірілуін



4

Тиреокальцийтонин

Са+ ионы шығуын



5



Глюкагон



Nа+ реабсорбциясын

2 тапсырма. Несептің түзілуіне гидростатикалық қысымның, осмостық қысымның, капсулаға қан әкелетін және әкететін артерия қантамырлары диаметрінің әсері.
(Виртуальды физиологиялық тәжірибе)

Капсула шумақтарында жүретін сүзілу үдерісіне шумақ мембранасының барлық сүзілу үдерісі жүретін беткі қабаты, шумақ капиллярларындағы қан қысымы (ШҚҚ), Шумақтық сүзілу коэффициенті (ШСК) әсер етеді. Шумақтық сүзілу коэффициенті (ШСК) жүректен шығатын қанның (Жүрек шығарылымының) шамамен 20%-ын құрайды және оның көлемі капиллярлардың тарылуы немесе кеңеюіне байланысты болады.


Құрал-жабдықтар: жеке компьютер, Несеп шығару жүйесі бойынша виртуальді физиология «LuPraFi-Sim» бағдарламасы.
Мақсаты: Несептің түзілу қарқындылығына шумақ капиллярларындағы қан қысымы (ШҚҚ), шумақтық сүзілу коэффициенті (ШСК) және онкотикалық қысымның әсерлерін көрсету.
Жұмыс барысы: Несеп шығару жүйесі бойынша виртуальді физиология «LuPraFi-Sim» бағдарламасын пайдаланып, бастапқы қалыптағы несептің түзілу қарқындылығы (мл) зерттеледі, содан соң келесі көрсеткіштердің өзгерістері анықталады: капсулаға қан әкелетін және әкететін артерия қантамырлары диаметрі, қанның гидростатикалық қысымы мен онкотикалық қысымы, және де несептің түзілу қарқындылығының өзгеруіне талдау жасалынады.
Жұмыстың нәтижесі: алынған көрсеткіштерді жазып алып, қорытынды жасау керек
. Ешнәрсе әсер етпегендегі несеп түзілу қарқындылығы-135 мл/мин





3 тапсырма. Несеп түзілуінің жылдамдығына қандағы глюкоза деңгейінің әсері.


(Виртуальды физиологиялық тәжірибе)


Құрал-жабдықтар: жеке компьютер, Несеп шығару жүйесі бойынша виртуальді физиология «LuPraFi-Sim» бағдарламасы.
Мақсаты: Несеп түзілуінің қарқындылығы мен несептегі глюкозаның мөлшеріне гликемияның әсерін көрсету.
Жұмыс барысы: Несеп шығару жүйесі бойынша виртуальді физиология «LuPraFi-Sim» бағдарламасын пайдаланып, глюкозаның концентрациялық ерітіндісін вена тамырына енгізгенге дейінгі және енгізгеннен кейінгі несептің түзілу мөлшері мен глюкоза деңгейін анықталады (есептелінеді). Содан соң, бақыланған өзгерістер талданады.
Жұмыстың нәтижесі: алынған көрсеткіштерді жазып алып, қорытынды жасау керек.
Бастапқы несеп түзілуінің жылдамдығы- 120 мл/мин
1. несепке натрий гидроксиді мен мыс сульфатын қосамыз
2. Үлгіні қыздырамыз бұл кезде Троммер реакциясы теріс мәнді көрсетті.
3. вена қанына глюказаны қосамыз, несеп түзілуінің жылдамдығы- 210 мл/мин көтерілді.
4.несепті алып оған натрий гидроксидін және мыс сульфатын қосқып, үлгіні қыздырамыз, сол кезде Троммер реакцисы оң мәнді көрсетеді.
Орындаған студент _ Жанболатқызы Бибіхан факультеті ТФП23-024 тобы 24



Тақырып қабылданды, уақыты



Оқытушы қолы ___________


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет