Жауап: Ол үшін рефлексті жасайтын адамға «көзіңнің қарашығын ұлғайт» деп бұйрық береміз, одан кейін бір көзін алақанмен жабады. Осы кезде екінші көзінің қарашығы ұлғаюын байқаймыз. Бұны бірнеше рет қайталағаннан кейін рефлекс қалыптасады. Бұл көз қарашығы сөз әсерінен ұлғаюын айтамыз.
Шартты қарашық рефлексіне рефлестік доғаның схемасын салыңыз.
Схема салу орны
№2 тапсырма. «Шартты тыныс рефлексінің пайда болуы» зертханалық жұмысын орындау әдісімен танысып срақтарға жауап беріңіз
Жұмыстың жасалу жолдары:Көкірек қуысының дем алған кездегі қимылын пневмограф көмегімен жазып аларда мүсәтір спиртіне малынған мақта иіскетсе, дем алу рефлекстік жолмен аз уақыт тоқтап қалады. Осылайша 5-6 рет қайталанғаннан кейін сол адамға мүсәтір спиртіне малынған мақтаның орнына суға малынған мақта иіскетеді. Осыдан кейін шартты рефлекс қалыптасқан болса, онда тыныс рефлекстік түрде тежеледі.
Сұрақтар: Рефлекс қалыптасу үшін шартты және шартсыз тітіркендіргіштердің ұштасуын неше мәрте қайталау қажет?
___________________________________________________________________
Осы рефлексті қалыптастыруда шартты тітіркендіргіш ретінде қандай сигнал қолданылды?
___________________________________________________________________
Шартсыз тітіркендіргіш рөлін қандай сигнал атқарып тұр?
___________________________________________________________________
Рефлекстің қалыптасқанің қалай білуге болады?