Дж. Бернал
«Я люблю науку и знаю, как
много она может сделать для
счастья людей. Именно
поэтому я хочу, чтобы как
можно скорее перестали
говорить: «наука нас ведёт к
гибели от атомной и
водородной бомбы», я хочу,
чтоб, наконец, мы смогли
работать спокойно, ничего не
опасаясь, и вновь с радостью
приносить миру ценнейшие
дары науки».
Фредерик Жолио-Кюри
АНТИСТИЕНЦИЗМ
Антисциентизм - иррационалдық (ақыл жетпейтін)
құбылыстарды мойындап, логикалық тәсілді жоққа
шығарады. Ғылым адамды шынайы біліммен қамтамасыз
ете алмайды, болмыстың бүтіндігі, үзіліссіздігі туралы
ұғымды бөлшектеп жібереді дейді. Логиканың орнына
интуициялық әдісті ұсынады, шындықты тікелей
тәжірибенің көмегінсіз ашуға болады деп санайды. Ал
ғылым, ғылыми-техникалық прогресс адамға зиян
келтіреді, адамның ерекше қасиеттерін сөндіреді,
адамның физиологиялық жағдайын нашарлатады, адам
есептеуді, ойлауды тоқтатады, адам миының қызметі
нашарлайды деген сылтаулар айтады. Иррационализм -
мистикаға (түсініксіз, жұмбаққа) сенуге де, ғылыми
ізденістерге де жеткізеді. Сондықтан оған сыңаржақты
қарап, оны жақтауға не даттауға болмайды.
«Наука борется с
суевериями, как свет с
потёмками».
«Наука написала на
своём знамени «посев
научный взойдет для
жатвы народной».
Д.И. Менделеев
НЕОПОЗИТИВИЗМ
Позитивизмнің үшінші түрі - неопозитивизм. Қазіргі батыс
философиясының негізгі ағымы, ХХ ғасырдың 30-60-шы
жылдары пайда болды. Оның өкілдері: «Вена үйірмесінің»
философтары: М. Шлик – негізін қалаушы, оның
ізбасарлары Р. Карнап, О. Нейрат, Б. Рассел (1872-70
жж.); Львов – Варшава мектебінің өкілі Тарский Альфред
(1902-84 жж.). Олар философияның күрделі әрі маңызды
әдістемелік мәселелерін шешуде, өздерінің нақты
үлестерін қосты. Неопозитивизмнің басты идеясы:
философия ғылым тілі - логиканы талдап, жетілдірумен
шұғылдануы керек. Тіл қоршаған ортаны қабылдаудағы
адамның позитивтік (шынайы) басты құралы. Тілді
логикалық талдау - бұл мәтіндерді, ұғымдар мен
таңбаларды зерттеп, солардың жүйесінің ішкі байланысын,
семантиканы мәнін) қарастыру. Осылайша неопозитивизм
«Герменвтикаға» жақындасады.
Неопозитивизмнің негізгі принципі верификациялау (лат.
Verus – ақиқат және fasio - істеп жатырмын) - ойды
сезімдік тәжірбелермен салыстыру арқылы тексеру. Егер
ой тексеру немесе логикалық сараптау арқылы
верификацияланса (дәлелденсе немесе терістелсе), онда
ғылымға жатады да, қалғандары–жалған болып шығады.
Ақиқаттың ғылыми орнын анықтау үшін, біріншіден,
логикалық-математикалық жолмен, екіншіден,
эмпирикалық тексеру, яғни бақылау, өлшеу мен
эксперимент т. б. арқылы растайды. Логикалық-
математикалық сөйлемдерді тәжірбие арқылы тексеруге
болмайды, себебі олар обьективтік нақтылық туралы емес.
Болмыс, сана, идея, құдай секілді бұрынғы философиядағы
мәселелерді алып тастау керек, себебі олар
верификациялауға жатпайды әрі ғылыми шешімі жоқ
мәселелер болады дейді.
ПРАГМАТИЗМ
Прагматизм (гр. pragma іс-әрекет) - бұл ағымның өкілі әрі
негізін салушы Чарльз Пирс(1834-1914) және Джемс
Уильям (1842-1910). Бұл философияның негізгі принципі:
қандай ой-пікір немесе іс-әрекет болса да, егер ол пайда
әкелсе - шын, басқаша болса - жалған. Прагматизм
ағымының бір түрі - инструментализм (instrumentum-
қару), негізін қалаушы американ философы Джон
Дьюи (1859-1952). Инструментализм түсінігінде ғылыми
заңдар тек қару болып есептелінеді. Инструментализм
«қоғамдық прогресс» дегеніміз–нақты межеге жету емес,
жәй процесс дейді. Дьюи философиясының бағыты
эмпиризм болғандықтан, тәжірибеге көп көңіл аударды. Ол
алғашқы түрткі болатын идеяны, тіршіліктің бастапқы
себебін іздеу орынсыз дейді.
ГЕРМЕНЕВТИКА
Герменевтика(грекше germenututios- түсіндіру).
Герменевтика ілімі антика заманынан басталған. Оны
Аристотель еңбегінің (Об истолковании - Түсіндірме
туралы) атауынан-ақ көреміз. Бұл ілімнің мақсаты,
мәдениет саласын ғылыми деңгейде тану, кең
мағынасында адамның рухани дүниесін түсіну болып
саналады. Інжілдің мәтіндерін талдауға арналған
Реформация кезеңінде (ХVI) гермевтиканың рөлі арта
түсті. Герменетивканың қазіргі замандағы философиялық
бастауын жасағандар Ф. Шлегель, Ф. Шлейермахер, бұл
ілімді ары қарай дамытқан және оған зор әсер еткен
ойшылдар: В. Дильтей, Г. Зиммель, Э. Гуссерль, М. Шеллер,
Э. Бетти, Г. Гадамер, М. Ландман, Г. Рикер, М. Хайдеггер.
ПОСТПОЗИТИВИЗМ
Неопозитивизм методологиясыны Достарыңызбен бөлісу: |