“Жылымық”
жылдары
Сондай-ақ, 1954 жылы Е.Бекмаханов, Қ.Сәтбаев,
М.Әуезов еліне оралды. К.Бекхожин, С.Мұқанов,
С.Кенебаев партия қатарына қайтадан алынды.
Әйтсе де, Н.С.Хрушев пен оның төңірегіндегілердің
Сталиндік тәртіпті сынға алуы үлкен ерлік
болғанымен, олар әбден орныққан әміршіл-
әкімшілдік жүйені толық жойған жоқ. Әлі де кінәсіз
соталған адамдар түрмелерде қалды. Ресейлік
патша өкіметінің отарлау саясатын ақтау
мақсатында, Қазақстанның Ресейге өз еркімен
қосылғандығы кеңінен насихатталып, қазақтардан
бірыңғай коммунистік ұлт шығаруға бағыт алынды.
Тарихи шындық ақтандақ қалпында қалып,
кеңестер жүргізген қанды қырғын біржақты
көрсетілді. А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов,
М.Жұмабаев, М.Дулатов, Ж.Аймауытов және т.б.
алаш қайраткерлерінің қызметіне саяси әділ баға
берілген жоқ.
МӘДЕНИ ӨМІР ҚАЙШЫЛЫҚТАРЫ
Осы жылдары, керісінше, орыс тілінің рөлін ұлтаралық тіл ретінде көтеру
мәселесі өте маңызды болды. Коммунистік идеологияны басшылыққа алған
Н.С.Хрущев республиканың барлық өміріне тікелей араласты. Қазақстанның
оңтүстік аудандары Өзбекстанға берілді. Тың өлкесінде 6 облыстың өлкелік
партия комитеті біріктіріліп, тікелей Мәскеуге бағындырылды. Ақмола –
Целиноградқа, Батыс Қазақстан – Орал облысына айналды. Ұлт саясатындағы
бұрмалаушылықтар халық арасында, әсіресе, зиялылар мен жастар арасында
түрлі наразылықтар туғызды. Кеңестік жүйе оларды барынша жасырып,
бүркемеледі. Осылайша, Теміртаудағы толқу кезінде тәртіпсіздіктің салдары
ретінде бағаланды. 1963 жылы Мәскеуде оқитын қазақ жастарының бір тобы
Б.Тайжанов, С.Ақатаев, М.Тәтімов, М.Ауэзов бас болып “Жас тұлпар” атты ұйым
құрды. Мақсаты – қазақ жастарының ұлттық санасын ояту. Мұндай ұйымдар
кейінірек Ленинградта, Киевте, Алматыда, Одессада, Ригада, Павлодарда,
Қарағандыда, Ақмолада, Семейде, Шымкентте және басқа жерлерде пайда
болды
|