Хх ғасыр басындағы қазақ əдебиетіндегі түрлі бағыттың өкілдерін тұтастықтан зерттеуге де саяси тосқауылдар қойылды. Мəселен, феодалдық діни идеяларды уағыздаушы деп анықталған Кердері Əбубəкір, Н
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА УНИВЕРСИТЕТІ
3-БӨЖ
Тақырыбы: Діни-ағартушылық бағыттағы әдебиет өкілдері Оқытушы: Әбілов Алдажар
Орындаған: Тулеп Ақниет
Оқу тобы: Кял-20-1
Қызылорда, 2023
Діни-ағартушылық бағыттағы әдебиет өкілдері ХХ ғасыр басындағы қазақ əдебиетіндегі түрлі бағыттың өкілдерін тұтастықтан зерттеуге де саяси тосқауылдар қойылды. Мəселен, феодалдық діни идеяларды уағыздаушы деп анықталған Кердері Əбубəкір, Н.Наушабаев сынды ақындар шығармашылығына сын көзімен қарау, ағартушы- демократтық бағыттағы ақындарға қарсы қою тұрғысынан қарастыру міндеттелді. Шығармашылықтары орта мектеп бағдарламасынан алынды. Сонымен қатар Шəңгерей Бөкеев шығармашылығы «таза өнер» аталатын ағымның қазақ əдебиетіндегі көрінісі болып табылатыны дұрыс байыпталғанымен, орта мектепте ақын шығармашылығын кеңінен өткізілуіне тұсау салынды. М.Қалтаев, Ш.Құдайбердиев, Ғ.Қарашев, М.Ж.Көпеев шығармаларының иедеялық мазмұны мен бағытын айқындау қажет делінгенмен, сол тұста ақталған Шəкəрім мұрасы дау-дамайға айналып, тек партиялық қаулы-қарарлар күшін жойған соң ғана ұлттың рухани игілігіне айналды. Ғ.Қарашев шығармашылығы да «ұлтшылдық» əдебиеттің өкілі тұрғысынан дұрыс бағаланбай келгені мəлім. Ал ХХ ғасыр басындағы Алаш арыстарының мұрасы, шығармашылығы мүлдем атаусыз қалды.
Б.Кенжебаевтың «Қазақ халқының ХХ ғасыр басындағы демократ жазушылары» еңбегі əдебиет тарихын жүйелі зерттеуімен ерекшеленеді. Ғалым ХХ ғасыр басындағы қазақ қоғамының саяси- əлеуметтік жағдайларына, рухани жəне көркемдік дамудың келелі мəселелерін жан-жақты қарастырып, қазақ тілінде жарық көрген басылымдар мен кітаптар туралы құнды деректер келтіреді. Біріншіден, сол кездегі əдебиеттануда қарастырыла бермеген ұлт санасын оятуға қозғау салған жəдитшілдік маңызы алғаш ғылыми тұрғыда байыпталды. Бұған қатысты: «Рухани өмірге өзгеріс енді. Қазақ даласындағы мектеп, медреселердің көпшілігі жаңа оқу — ұсули жəдитті үйренуге көшті, яғни мектеп, медреселерде діни сабақтармен қатар ана тілі, дүниетану ғылымы, есеп, география, тарих оқылды, кейбір медреселерде орыс тілі де үйретілді... Жалпы алғанда, мектеп, медресе қазақ арасынан сауатты, оқыған адамдардың шығуына, қазақтың жаңаша оқыған зиялыларының көбеюіне, халықтың оянуына біраз себеп болды»
Бірінші бағыт өкілдері қатарында А.Мұхамедияров, К.Əбубəкір, Н.Наушабаев, М.Ж.Көпеев, Ш.Жəңгіров, М.Қалтаев, Ж.Шайхыисламов, К.Жанатаев аталады. Олардың шығармашылық бағытына тəн сипаттарды мұсылманша білім алу, Шығыс əдебиетінің дəстүрін ұстану екенін айта келіп: «...Бұлардың кейбіреулері, көбінесе, араб, фарсы хикаяларын — «Мың бір түн», «Шаһнама», «Тотының тоқсан тарауы» əңгімелерін, қазақтың ертегі-аңыздарын, бұрынғы шығыс əдебиеті дəстүрімен қисса, дастан, мысал, назым етіп жазған шығармаларында араб, фарсы сөздерін, діни сөздерді көп қолданып отырды» — деген қорытынды жасайды. Ғалым осы бағыттағы əдебиет өкілдірінің өмірі мен шығармашылығына талдау жасайды.