Хх ғасыр басындағЫ Әдебиет электронды оқу құралы


Мұса Молда Байзақов (1849-1932)



Pdf көрінісі
бет14/58
Дата21.09.2023
өлшемі3,36 Mb.
#109474
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   58
Байланысты:
XX ғ.б. ӘДЕБИЕТ

 
Мұса Молда Байзақов (1849-1932).
Түркістан өңірінде туып-өскен. 
Мұса молда шығармашылығында шығыс дәстүрі басым. Датқадан 
шығып, кедейленген ақын өмір шындығын шынайы суреттеуге өте 
бейім боп келеді. Бұрынғы өмір қалпына өз заманы шындығынан 


қарап, сын сөзімен байыптап, кемшіліктерін тауып, сынай біледі. 
Өлеңдерінде сыни көзқарас мол кездеседі (“Есім аға“, “Қайраты бұл 
дүниенің мал менен пұл“, “Сайлау деген елге бір бүлік болды“ т.б.). 
Мұса молда өлеңдерінде ғылым-білімге үндеу басым болып келеді 
(“Харакетке жаратқан адамзатты“, “Ғылымсыз болып қартайсаң“, 
“Жолаушымыз отырсақ, жатсақтағы“ т.б.). М.Байзақов – мысал 
жанрын дамытуға өзіндік үлес қосқан ақын (“Тышқан мен түйе“, 
“Жолбарыс пен түйе“, “Қайырымды қыз бен қайыршы“ т.б.). Ақынның 
эпикалық жанрда жазылған шығармалары ХХ ғасыр басындағы қазақ 
әдебиетіндегі елеулі табыс болып саналады. Поэмалары (“Ұры мен 
жолбарыс“, “Опасыз жар“, “Сұлу әйел мен молда“) көбіне шығыстық 
желіге, ауыз әдебиетіндегі аңыз әңгімелерге негізделіп жазылған. Мұса 
молда – айтыс өнерін дамытуға да үлес қосқан, әдебиетке жазба айтыс 
үлгісін әкелген ақындардың бірі. Оның “Манат қызбен айтысы“ хат 
арқылы айтысудың озық үлгісі болып табылады. Оңтүстік өңірінде жиі 
кездесетін бұл дәстүрді Молда Мұса биік деңгейге көтерген. Ақын 
кеңес дәуірінде де біраз шығармалар жазған (“Жаңа заман“, “Талапты 
жастар“, “Октябрьдің 14 жылдығына“ т.б.). Жалпы алғанда, Мұса 
Молда Байзақов – діни көзқарасты өз шығармаларында орынды 
пайдаланып, тәрбиелік мәні зор шығар-малар туғызған өз заманына 
сай ақын. 
 
Шәді Жәңгіров (1855-1933). 
Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ 
өңірінде туып-өскен. Шығыстың озық үлгілі әдебиетінің нәзирагөйлік 
дәстүрін берік ұстанған, шығыс поэзиясындағы белгілі тақырыптар 
мен сюжеттерді өзінше жырлап, идеясы мен мазмұны тұрғысынан 
мүлдем жаңа, төл туынды жасаған ақын. Бұл саладағы 
шығармаларының (“Қисса қырық уәзір“ (1911), “Назым Шәhир 
дәуіріш“ (1913), “Қисса Бәлғәм Бағур“ (1910), “Хайбар қиссасы“ 
(1913). “Хикаят халифа hәрун Рашит“ (1917) т.б. ХХ ғасыр бас кезін-
дегі қазақ поэзиясындағы дастан жанрының қалыптасуы мен дамуына 
игі әсері өте зор. Шәдінің төл тума шығармаларының (“Ресей 
патшалығында Романов нәсілінен хұқмынарлық қылған патшалардың 


тарихтары, hәм ақтабан шұбырыншылық заманынан бері қарай қазақ 
халқының ахуалы“ (1912), “Келіннің бетін ашатын терме“ (1915), 
“Хикаят Орақ-Күлше“ (1917), “Қарынның жер жұтқан оқиғасы“ (1917) 
т.б.) ХХ ғасыр басындағы әдебиетте өзіндік орны бар. Ақын неге екені 
белгісіз күнделікті өмірді, қоғам жайын аз жырлап, өткен өмір 
мысалдары негізінде жалпы адамгершілікті, ізгілікті насихаттайтын 
шығармаларды басымдау жазған. Оның діни-ағартушы екендігі 
шығармаларында ертедегі шығыс әдебиетінде қалыптасқан сопылық 
сарынның мол болуынан көрініс табады. Жастайынан ел басындағы 
ауыртпалықты көріп өскен ақын өзінің төл өлеңдерінде ел билеген 
әкімдерді, кейбір байларға тән дүниеқоңыздықты, озбырлықтарды 
еркін сынап отырады. Оның “Бөрбас байға“, “Отыншы байға“, “Бір 
молдаға“ т.б. өлеңдерінде өмір шындығы реалистік түрде көрсетілген. 
Жалпы алғанда, Шәді шығармашылығының ХХ ғасыр басындағы 
әдебиеттегі эпикалық жанрды өрістетуде ерекше орыны бар.
ХХ ғасыр басында бұлардан басқа да қиссашыл, кітаби ақындар да 
болғандығын жоғарыда айттық. Жүсіпбек Шайқысыламұлы, Ақылбек 
Сабалаұлы тәрізді ақындар көбіне тек дайын сюжетті қиссалар жазып, 
немесе бастырып шығарумен айналысқан. Шығармаларының қай-
қайсысында болмасын діни уағыз, дін құдіреттілігі жайлы ойлар өріс 
тауып отырған.
Қорыта айтқанда, ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінде діни-
ағартушы ақындар өзіндік бет-бағдарын айқын танытқан. Олардың 
шығармашылығы көлемі жағынан аса мол, жанр, түр жағынан 
мейлінше бай болып келеді. Талант, дарындары әрқилы ақындардың, 
өзіндік қолтаңбалары да әр-қилы. Бұларды біріктіретін басты белгі – 
діни-ағартушылыққа бағытталған мақсат-мұраттары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет