Хх ғасыр басындағЫ Әдебиет электронды оқу құралы



Pdf көрінісі
бет2/58
Дата21.09.2023
өлшемі3,36 Mb.
#109474
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   58
 
 
 
 


КІРІСПЕ 
 
Жаңа ғасырмен бірге қазақ даласында рухани мәдениеттің 
өркендеуіне мүмкіндіктер туды. Соның бір көрінісі ретінде ХХ ғасыр 
басында жазба әдебиет ерекше екпінмен дами бастады. Ол жанрлық
тұрғыдан салаланып, көркемдік тұрғыдан жетіле түсті. 
ХХ ғасырдағы Қазақстандағы тарихи-қоғамдық жағдайлардың 
өзгерістеріне сай әдебиет те өз кезегінде солармен үндесе келіп, 
замананың көкейкесті мәселелерін көтеріп, қоғамдық өмірдің көркем 
суретін жасауға ұмтылды.
Әдебиет – көркемөнердің бір түрі. Сондықтан оның қозғаушы
факторы қоғам болғанымен, ол өнер ретінде өзінің табиғи
болмысын сақтап қалып отырады. Әдебиет қай қоғамда болмасын 
өзінің өнерлік қасиетін жоймауы тиіс.
ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиетін ерекше атауымыздың 
себебі, ол – Абай дәстүр еткен ұлы үрдістен жалғасын тапқан, әрі 
басқа кезеңдерден бөлекше, қоғамдық ой-сананың қаймағы бұзылмай
тұрғанда туған әдебиет. Сондықтан да бұл кезең әдебиеті қазақ
даласындағы әлеуметтік қайшылықтарды ашып, халық өмірін 
сыншылдықпен де, шыншылдықпен де суреттей алды.
ХХ ғасыр басындағы әдебиет сыншыл реализм айқын 
бедерленген кезең болып табылады. Сыншыл реализм ерекшеліктері 
М. Сералин, С.Торайғыров, С. Көбеев, т.б. шығармаларынан нақты 
көрініс тапты. Сондай-ақ осы кезеңдегі қазақ әдебиеті тарихи-
әлеуметтік қайшылықтарды көрсетіп қана қоймай, отаршылдыққа
қарсы бағытталған күрескерлік ұлт-азатшыл идеяларды да алға
тартты. Әдебиет дамуының бұл ерекшеліктерін Ахмет Байтұрсынов
Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев және т.б. шығармаларынан
байқаймыз. Олардың шығармалары ресейлік отаршылдыққа, қоғам
өміріндегі надандыққа, әлеуметтік теңсіздікке қарсы бағытталды.
Қазақ әдебиеті өзінің дәстүрлі классикалық сипатында
дамығанымен, жаңашыл әдебиет өкілдері Мағжан Жұмабаев, 
Жүсіпбек Аймауытов, Бернияз Күлеев т.б. оған өзгеше леп қосып, 


жаңашылдықпен байытып, көркемдік мәнін биіктетті. Олар өздерінің 
эпикалық шығармаларында, лирикалық туындыларында халық
өмірін кеңінен суреттеп, жан-жақты ашып көрсетті.
ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті тарихына арналған бұл
электронды оқу құралында өткен ғасырдағы ұлттық әдебиетіміздің 
ұлы тұлғаларының шығармалары сөз болып, әдебиет дамуының 
үлгісіне баланар көркемдік-эстетикалық сапасы жоғары туындылар 
іріктеліп алынып, талданды.
Сонымен, ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті барлық жанрда
жазылып, көркемдік-эстетикалық тұрғыдан жоғары деңгейде дамыған
әдебиет деп тануға лайық. Ол өзінің ұлттық сипатында гүлденген
және бүкіләлемдік мәдениеттен нәр алған қуатты әдебиетке айналды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет