Қатаң идеологияландырылып, қызыл империя саясатының қызметшісіне айналдырылған кеңестік тарих ғылымы маркстік-лениндік ілімдегі тап күресі теориясы мен интернационализм ұстанымын басшылыққа алып, ұлттық мүддені ескермеді. Мұндай ұстаным Ресей империясының жаулап алған Орталық Азия халықтарының Кеңес Одағы құрамында болуын «ірі жетістік» ретінде дəріптеуге ыңғайлы болатын. Соған орай патша өкіметінің отарлық саясаты империя құрамына енген халықтарға «зор қасірет» емес, керісінше оларға «болар-болмас қасірет» əкелген болып шықты.