9.ХХ ғ 70-80 жылдардарындағы қазақ повесі. Повестьөмір құбылыстарын жан жақта талдап, көркемдеп көрсете білуге мүмкіндік мол,прозаның белсенді жанрларының бірі екені белгілі.Осы жылдар аралығында қазақ повестерінің сандық көрсеткіші өсіп,жоғарлай түскеннін атап айтқан жөн.тіпті көркем әдебиеттің ықшам жанры әңгіменің өзі повеске қарағанда кең құлаш сермеп кете алмай тартына көрінген секілді. 1960-1980 жылдар арасындағы қазақ повестерін тақырыптық жағынан шартты түрде үш топқа бөлуге болады;1)соғыс тақырыбына арналған повестер 2)өндіріс тақырыбына 3)уақыт кеңістік жігі айқын бәләнбейтін,жалпы адамзатқа тән проблемаларды қозғайтын повестер.Осылайша шартты бөлінген тақырыптар кейде шығарма табиғатын схематизмге биімдеп жібереді.Мәселен, бұрынғыдай өндіріс проблемасын сөз етуге құралған көптеген повестеріміздің көркемдік сапасы төмен болып келгені жасырын емес.Алдынғы орынға өндіріс,шаруашылық проблемалары шыққан мұндай шығармаларда адам бейнесі буалдырланып,тіпті қалыптасқан қасаң схематизмнің шеңберінен шыға алмай қалды.1960 жылдан кейін жазылып,біршама назарға іліккен повестердің қатарында Т.ахтановтың«Махаббат мұңы»,«Шынтас», І.Раймқұловтың «Жасыл белес»,«Түйелі адам»,«Балдақты адам», І.Есеберлин «Өзен жағасында», С.Орамновтың «Балзия», «Алтын алқап», «Қайырлы жаз»,т.б. 1960-1970 жылдар аралығында өмірге келген бір топ повестер қазан революциясынан кейінгі ел ішіндегі жағдай, жас кеңес өкіметінің қазақ даласында нығаю жолдары турасында жазылған.Бұлардың біразында тарихи шындық кеңестік идеология тұрғысынан ғана көрніс табады.Көбінесе тап тартысы барысындағы түрлі күрестер,өмірден өз орнын тапқысы келіп,кеңес өкіметінің тіршілігіне белсене араласып кететін жас азамат,оның тағдырының сәттілікпен жалғасын табу сияқты ситуациялар белгілі бір схематизмнің нышандары десек,артық емес.Бұл кезең балаларға арналып жазылған повестер үшін де жемісті жылдар болды.Белгілі бір деңгейдегі оқырмандар санатына арналған туындылардың жалпы көркемдік талаптарымен бірге өзіндік ерекшеліктері болатынын ескерсек,балара повестері негізінен бұл үдеден шыға білді.балалар қаламгерлері мазмұндық жіне пішіндік жағынан біраз табыстарға қол жеткізді.Көркемдік талап тұрғысынан назар аударарлық повестердің алдынғы қатарынан орын алатын С.Бегалиннің«Керкиік»,«Жаңғалақ»,С.Омаровтың«Күншуақ», Б.Соқпақбаевтың «Балалаық шаққа саяхат», «Менің атым Қожа»т.б. шығармалар жарық көрді.Осы жылдар ішінде қазақ повестерінің көокемдік идеялық деңгейі өсіп қойған жоқ,пішіндік ізденістер тұрғысынан да жанданып,жаңалана түсті.Шығарма оқиғасының бірден кейіпкер атына қатысты басталуы,әрбір таруға шағын бейнелі аннотациялардың беріліп отыруы қазаұ повестерінде бірын соңды ұшыраса қоймаған жаңалық еді.Жетпісінші жылдардың басында осынау көркемдік үрдіс қайта жанданып,шығарма композициясын ширата түсетін ізденістер М.Мағауиннің, О.Бқкеевтің, М.Қабанбаевтың, С.Жұбатыровтың, Н.Оразовтың повестерінен байқалады. Сексенінші ішінде жарық көрген А.Смайыловтың «Асыл жол»,«Арғымақ пен Агба» повестері де жаңа ізденісті танытады. Алдынғы повесть лирикалық болмысымен танылса,кейінгі шығармасында жазушы шетел өмірін, оның ішінде асыл текті жылқы тағдырын көтере отырып оқырманды романтикалық күйге жетелей біледі.кеңес өкіметі тұсында тікелей айтуға болмайтын жеке адам мен қоғам арасындағы қайшылықты басқа елдің тұрмыс тіршілігін бейнелеу арқылы алға тартады.Повесть көркемдік талаптың шарттарына біршама жақсы жауап береді.