Хх ғасырдағы қазақ әдебиетінің дамуы және жанрлық жаңалық алып келген қаламгерлерге шолу


Қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық мәселесін зерттеу



бет6/13
Дата01.05.2023
өлшемі35,48 Kb.
#88631
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
20 ғ. қазақ әдебиетінің дамуы (копия)

7. Қазақ поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық мәселесін зерттеу
Поэзия - өте күрделі құбылыс. Дарынды жеке тұлғаның дүниетанымы, рухани және интеллектуалдық әлемінің қайнауынан келіп туындайтын танымдық, этикалық, эстетикалық тылсым дүние. Дәстүр мен жаңашылдық - әдебиет пен өнердің даму барысында сабақтастық пен жаңғыртуды, мұрагерлік пен қайта жасауды, бұрынғы мен соңғының байланысын білдіретін ұғым.Дәстүр мен жаңашылдық- әдебиет пен өнердің даму барысында сабақтастық пен жаңғыртуды, мұрагерлік пен қайта жасауды, бұрынғы мен соңғының байланысын білдіретін ұғым. Дәстүрге ғасырлар бойы қалыптасып, сұрыпталған әдет-ғұрыптар, жол-жобалар көзқарас түсініктер жатады.Жаңашылдық - өткен өмірдің, кешегі күннің тәжірибесі мен жемістерінің ішінде мән-мағынасы бай, дәрежесі жоғары заман талабына жауап беретін, бұрынғы-соңғының шеңберінен шығып, болашаққа кең жол ашатын аса маңызды ізденіс-әрекеттер. Ол жалпы өркениеттің дамуына әсер етеді, осы жолда туып, орнығады. Дәстүр мен жаңашылдық - диалектикалық бірлестікте болып, ескі мен жаңаны жалғастырады, тарихпен бірге дамиды, өндірістің базисі ретінде өзгеріске ұшырап отырады. Дәстүр мен жаңашылдық арасындағы заңды байланыс - материалдық және рухани мәдениеттің, өндіріс пен техниканың, философия мен әдебиеттің, өнердің барлығына тән. Жаңашылдық - әрқашан асқан шеберлік пен зор таланттың нәтижесі, ол әдебиет пен өнердің өрісін кеңейте түседі. Дәстүр мен жаңашылдық әдебиетте, өнерде ұлттық ерекшелікті сақтай отырып, жаңа заманның талап-тілегіне сай келу қағидасын қажет етеді. Тұрмыстың, қоғамдық тіршіліктің өзгеруіне, адамның өмір танудағы жаңа ұғым-түсініктеріне байланысты әдебиетте мазмұн мен түр жағынан жаңашыл шығармалар туады. Бұл тұрғыда кейбір дәстүрлік әдіс-тәсілдер сақталумен қатар жаңаша суреттеу, бейнелеу, сөз қолдану амалдары пайда болады. Әсіресе жаңа өзгерістер мен құбылыстарды аңғаратын соны бейнелеу құралдары жасалады. Бұл - әдебиеттегі жаңашылдықтың белгісі. Дәстүр мен жаңашылдық тек түрді, сыртқы өзгерістерді білдірумен қатар, ішкі мазмұнды, мағынаны білдіреді, түр мен мазмұнды бірдей қамтып, шығарманың идеялық-көркемдік немесе ұлттық сипатын жаңа сатыда елестетеді. Енген жаңалық әдебиетке сіңіп, дәстүрге айналып кетуі мүмкін. Дәстүр мен жаңашылдық қазақтың көркем әдеби тілінің қалыптасу процесінен де көрінеді. Сонымен: 1. Халықтың ақындық шығармашылығы, оның жанрлары мен түрлері, ақындардың стилі мен қолжазбасы жүздеген жылдарда қалыптасып, дамып отырады; 2. Қазақ әдебиеті өзінің даму процесінде тап дәстүрлерімен қатар шығыстың, орыстың, еуропалық жалпы жаһан әдебиетінің көркемдік жетістіктеріне де сүйенеді, жаңа сипаттар табады; 3. Жазба әдеби тіл де ақындар, жазушылар шығармашылығының ілгерішіл үрдістерін сұрыптап, жетілдіреді.Көркем аударманың классикалық үлгілерін тудыруыАбай шығармашылығының жаңашылдығы:

1)Табиғат лирикасын қалыптастыруы 2)Әлеуметтік, сатиралық лирика үлгілерін жазуы 3)Тіліміздің поэтикалық зор қуаты мен мүмкіндігін танытуы


4)Қазақ өлеңінің құрылысына жаңашылдықтар әкелуі 5)Жаңа ұйқас түрлерін ойлап табуы 6)Пішін мен мазмұнға әкелген жаңалықтары т.б.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет