ІІ БӨЛІМ. Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
сыр да туды, оған И. Грозныйдың
«Қазан қаласын өзіне қаратып алуы
себепші болды», – деген пікіріне бай-
ланысты М. Ғабдуллин мен Б. Кен -
жебаев өз көзқарастарын біл ді-
реді. Жырда кездесетін жер-су, қа ла
аттарының белгілі бір тарихи дә уірдің
белгісі бола бермейтінін, батырлар
жырының сюжеті өмір шындығына,
тарихи уақиға негізін де туғанмен
жыршы-жыраулар та рихи фактілерді
өз қалауына сай пай даланатынын
сөз етеді. Авторлар жырдың қазақ
фольклорындағы орны, сюжеттік-
композициялық, образдық, тіл көр-
кемдігі жайында сол кезеңдегі ғы-
лыми-зерттеушілік ой-пікір үшін тың
топшылаулар жасайды.
«Едіге» жырын көп нұсқалығына
орай салыстыра қарап, әр нұсқасына
сай пайда болу кезеңін анықтау
Б. Кенжебаев пен Қ. Жұмалиевтің
мақалаларының басты мақсаты бол -
ған. Сол секілді жырдың құры лы-
сы мен тіліне, образдық сипатта-
рына барлау жасалған. Бірақ, бұл
мақалалар әр жырды жеке қа рас-
тыруда алғашқы ізденістер, алғашқы
қадамдар болғандықтан халықтық
сипаттарын танытуда ғылыми те-
реңдігі әлі жетіспей жатты. Сонымен
қатар, тексеріліп отырған жырдың
мазмұнына көбірек көңіл аудары-
лып, айтылған пікірді дәлелдеу мақ-
сатында мазмұндап кету мен мысал
ретіндегі үзінділердің мол келтірі-
луі осы мақалалардың көбіне ортақ
кемшілік болды. Қазақ ауыз әдебиеті
үлгілерінің ғылыми толық классси-
фикациясы жасалып жүйеленбеуі де
осы мақалаларға өз әсерін тигізді.
С. Мұқанов «Батырлар» жы-
рына жазған «Батырлар жырының
орны» атты алғы сөзінде эпикалық
жырлар ды халық поэмалары деп
атап, әдеп-ғұрыптан туған поэма-
лар, ерлік, батырлықтан туған жорық
поэмалары, айтыс поэмалары деп
үшке бөліп, батырлар жыры мен
лиро-эпостық жырлардың жанрлық
ерекшеліктері мен композициялық,
сюжеттік ұқсастықтарын салыс тыра
отырып, олардың халық шығар-
машылығындағы орнын анықтауға
ұмтылады. Айтыстар туралы ешбір
сөз қозғамай батырлар жыры мен
тарихи жырларды тұтастыра қарас-
тырған. «Бекет батыр», «Исатай-Ма-
хамбет», «Сәтбек батыр», т.б. жырлар
ауызға алынды. Алғы сөз авторы сол
кездегі фольклористика ғылымына
үш түрлі өзіндік ой-пікір қосты.
Біріншіден, эпикалық жырлар дың
тәрбиелік мәні, яғни патриоттық,
эстетикалық, адамгершілік тәрбие
бе рудегі маңызына, жас ұрпақтың
Ота нын, туған жерін, халқын сүюге
тигізетін әсеріне көбірек көңіл аудар-
са, екіншіден, батырлар жыры қазақ
елінің әлеуметтік өміріне сай тарихи
төрт кезеңге байланысты туған ды-
ғын атап көрсете келіп, әрбір кезеңге
жататын батырлар жырын топтас-
тырады. Үшіншіден, алғы сөзде және
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У