ІІ БӨЛІМ. Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
ғылымының іргетасының берік қа-
лануына өз үлестерін қосты. 1931-
1932 жылы халқымыздың басына
төнген нәубет – ашаршылық зар-
да бынан құтылып мәдениет сала-
сын дағы жұмыстар қайта жанда-
на бастаған кезде, халық ауыз әде-
биетінің тарихын жасауды қолға
алған уақытта Сталиннің жеке ба -
сына табынудың қырсығынан қа-
зақ әдебиетінің көрнекті өкіл дері,
әдебиетшілер, ғалымдар қуғын-сүр-
гінге ұшырады. Зерттеу жұмыс тары
біржола тоқтап қалмаса да, ғылыми-
теориялық мәні терең білгірлікпен
жазылған мақалалар 1939-1940 жыл-
ға шейін сиреп кетті.
Халқымызға, оның зиялы қауы-
мына зұлмат болып келген 1930
жыл дарда ауыз әдебиеті нұсқаларын
тексеру екі бағытта жүрді. Бірі –
фоль клорлық мұраны жанрлық ерек-
шелігіне сай түрге бөлу, яғни класси-
фикация жасау болса, екіншісі – жеке
нұсқаларды, әсіресе, батырлар жыры
мен лиро-эпостық жырларды жеке-
леп жанрлық ерекшеліктеріне сай
зерттеу.
Осы екі бағытты жеке алып
қарастыратын болсақ, ауыз әдебие-
ті үлгілерін классификация жасауға
орыс ориенталисттері талпынған мен,
белгілі түрде М. Әуезовтің «Әде -
биет тарихы» (1927), Х. Досмұхаме-
дов тің «Қазақтың халық әдебие-
ті» (1928) және С. Сейфуллиннің
1932 жылы жазылған «Қазақ әде-
биеті» атты еңбектерінен бастау
ал ғаны даусыз. Осы үш еңбектегі
жасалған классификация бойынша
халық шығармашылығы енді са-
ла-салаға бөлініп зерттеле баста-
ды. Халық шығармашылығының әр
түрі тақырыптық, жанрлық, компо-
зициялық ерекшеліктері тұрғысы-
нан жеке зерттеу нысанына айнал ды.
Қазақ ауыз әдебиетінің мол мұра-
сына 1920 жылдардың бас кезінен
бас тап зерттеушілік мақсатта көңіл
қо йып, бірталай ғылыми мақала жаз-
ған М. Әуезовтің Л. Соболевпен бірі-
гіп жазған мақалалары, қазақ фоль-
клорын бүкіл кеңес еліне ғылыми-
теориялық тұрғыдан таныстырған
құнды еңбектер болды. «Эпос и
фольклор казахского народа» деп
ата латын мақалада авторлар қазақ
ауыз әдебиетінің барлық жанрларын
қысқаша сөз ете отырып, әр жанр-
дың өзіндік ерекшелігін және түрле-
рін, халық өміріне қарым-қатына-
сын ғылыми түрде баяндауды мақ сат
тұтқан. «Басты-басты сипаттары-
на меңзеп бірнеше топқа, бірнеше
түрге жіктемейінше, қазақтың халық
творчествосының аса бай мұрасын
талдау мүмкін емес. Осы зерттеу-
де біз сондай жіктеу жасауға талап
қыламыз» дей келіп, қазақ фолькло-
рына классификация жасап, әрқайсы-
сын жекелеп қарастырды. Авторлар
қазақ ауыз әдебиеті үлгілерін жанр-
лық жақтан жүйелеуде М. Әуезовтің
1927 жылы «Әдебиет тарихы» оқулы-
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У