Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й Ка рг у әож кбж



Pdf көрінісі
бет117/444
Дата03.10.2024
өлшемі3,59 Mb.
#146739
түріОқулық
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   444
Байланысты:
Okulik XX kazak adebiet

ІІ БӨЛІМ.
 
Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
жолын дәлелдеп береді. Сонымен 
қатар, біз фольклорлық мұраны иге-
ру, зерттеу жұмыстарына байланыс-
ты алғашқыда жинау, жариялау, на-
сихаттаудан басталған мақалалардың 
таза ғылыми сипатқа ие болу жолы 
мен түсіндірмелік мәнде көрінген 
ой-пікірдің әдеби-тарихи, әдеби-тео-
риялық тұрғыда ғылыми талдауға 
дейінгі дәрежеге қалай көтерілгенін 
байқаймыз. Бұлар – қазақ халқының 
фольклорлық мұрасын игеру, зерт-
теу бағытындағы мақалаларда ғана 
көтеріліп, тексерілген проблемалар. 
Егер осыған сол дәуірдегі оқулық-
хрестоматиялардағы түсіндірмелер 
мен әр жанрға байланысты шыққан 
жинақтардағы алғы сөздерді, оқу-
лықтардағы талдауларды, кейбір ал-
ғашқы монографиялық сипаттағы 
зерттеулерді қосатын болсақ, соғысқа 
дейінгі дәуірдегі қазақ әдебиеттану 
ғылымының туу кезеңіндегі зерт-
теулердің сапасы мен саны өсе түсері 
анық.
1930 жылдардың басында әде-
биет пәнін оқыту мен оқулықтар 
жасауға оң бағыттағы көзқарас пай-
да болды. Бұл қазақ баспасөз бетінде 
Ә. Тәжібаевтың «Қазақ әдебиетін 
оқыту туралы», Ө. Тұрманжановтың 
«Қазақ әдебиетін оқыту туралы» атты 
мақаласында көрініс берді. Авторлар 
қазақ әдебиетінің оқулығын, про-
граммасын жасауды қолға алу тура-
лы проблемалық мәселелер көтере 
отырып, ол үшін қазақ әдебиетінің 
тарихын зерттеу қажеттігіне көңіл 
аударады. Осы отызыншы жылдар-
дан бас тап қазақ әдебиетінің мек-
тептер мен оқу орындарында арнау-
лы пән бо лып оқытылуы Е. Ыс-
майылов айтқандай: «Әдебиеттану 
ғылымының бірте-бірте дамуына 
түрт кі болды... Қазақ әдебиетінің та-
рихын зерттеуге арналған бірқатар 
еңбектер, оқулықтар, хрестоматия-
лар жарыққа шықты». Әдебиет та-
рихынан жазылған оқулықтардың 
қажеттігін өзінің ұстаздық қызметі 
арқылы қатты сезінген С. Сейфуллин 
1929 жылы «Еңбекші қазақ» газетін-
де ашық хат жариялаған болатын. 
Онда маркстік-лениндік эстетика 
прин циптері көрініс тауып: «Ең бек-
ші таптың совет мектебіне лайық 
тарих кітабы, әдебиет тарихы әлі де 
жазылып шыға алмай келеді», – деп 
фольклорлық үлгілер мен ақын-жы-
раулар шығармаларын жинап жі -
беруді әдебиет сүйер қауымнан өті-
ніш жасайды. Осы хаттан соң С. Сей -
фуллин қазақ әдебиетінің тарихын 
зерттеу жұмысына белсене кірісіп, 
1931 жылы «Қазақстанның ескі әде-
биет нұсқалары», 1933 жылы «Ба-
тырлар жыры» жинақтарын және 
бір неше ақындар шығармаларын жи-
нап бастырады. Қазақ әдебиеттану 
ғылымының туу кезеңінде қазақ 
әдебиетінің тарихын зерттеуді ар-
найы да айрықша көтерген С. Сей-
фуллиннің «Қазақ әдебиеті» (1932) 
атты оқу құралы болды. Осы оқу 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


134


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   444




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет