ІІ БӨЛІМ. Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
насынан туған» дейді. Сөйтіп бір
кітапта Сәкен өзіне өзі қайшы келе-
ді». Әрине, бұл сықылды пікірлердің
кездесуі Сәкен өзі айтқандай «бүгін-
ге дейін қазақ әдебиеті туралы еңбек-
тің жоқтығымен» және С. Мұқанов
айтқандай «әдебиеттану ғылымының
сол кездегі жасандығынан».
С. Сейфуллиннің бұл оқу құра-
лында халқымыздың ғасырлар бойы
ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп келген
ру хани байлығы түгел қамтылып,
оның жанрлары мен түрлері ғылыми
жүйелікте жіктелген. Қазақ халқы ның
бастан өткізген тарихи кезеңдері мен
тығыз байланыстылықта ала оты-
рып, ауыз әдебиетінің әрбір үлгі сіне
ғылыми-зерттеушілік көзқа рас та нақ-
ты пікір білдіреді.
Халық шығармашылығының ең
көрнекті де үлгілі нұсқалары ғы-
лыми жүйеге салынып, оның ішкі
жанрлары сараланды, көне тарихты
көркем туындылармен сабақтастыру
негізінде жоғары оқу орындары-
на арналған қазақ әдебиетінің оқу
құралы жасалды. Бұл маркстік-ле-
ниндік әдіснама негіздеріне сай си-
патта болғанымен қазақ әдебиеттану
ғылымының туу дәуірі үшін зор
табыс болды. Шынында да, оқу құ-
ралдарындағы фольклорлық әрбір
үлгінің шығу себебі мен сырын баян-
дап, оған ғылыми-эстетикалық тал-
дау жасауы, зерттеушілік ой-пікірдегі
нақты тұжырымдар білдіруі, халық
ауыз әдебиетінің даму құбылыс-
тарын тексеруге қадам жасауы – шын
мәніндегі ғылыми-зерттеу еңбек тер ге
тән қасиеттер.
Бұл еңбекті «қазақтың әдебиет-
тану ғылымына алғашқы тартылған
сүрлеу» деп бағалаған уақытта 1930
жылдардағы әдеби-теориялық және
әдеби-тарихи талдау жасай зерттеу
бағытындағы ғылыми-зерттеушілік
ой-пікірдің өрісін кеңейткен, тыңнан
қозғаған жаңа бастамаларына да кө-
ңіл аудару қажет. Олар жоғарыда
көрсетілген әдебиетші-ғалымдардың
еңбектерінде қаралғанын ескере оты-
рып, бүгінгі таңдағы тарихты жа ңа-
ша таразылау көзқарасына сай атап
қана кетсек те жеткілікті.
С. Сейфуллин ғалымдық білгір-
лікпен сол кездегі әдебиеттану ғы-
лымындағы орын алған «бірыңғай
ағым теориясына» байланысты «қа-
зақта әлеуметтік таптар жоқ, сол се-
бептен бізде таптық әдебиетте жоқ»
деген көзқарасқа маркстік-ленин-
дік әдіснама негізіне сүйене отырып
осы еңбегі арқылы соққы беруге ұм-
тылды. Себебі, әдебиеттің таптығы
прин ципі ауыз әдебиетінің белгілі
бір жан рын не болмаса жеке шығар-
маны сөз еткен мақалаларда шет-
пұшпақтай ғана айтылып, бұл тура-
лы ғылыми тұжырым жасала қойма-
ған еді. «Қазақ әдебиетіндегі» «қай
дәуірде болса да әдебиет тап құралы
болады» деген қорытындының қа-
зақ әдебиеттану ғылымында алғаш
айтылуынан, ғылыми-зерттеушілік
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У