Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й Ка рг у әож кбж



Pdf көрінісі
бет204/444
Дата03.10.2024
өлшемі3,59 Mb.
#146739
түріОқулық
1   ...   200   201   202   203   204   205   206   207   ...   444
Байланысты:
Okulik XX kazak adebiet

ІІ БӨЛІМ.
 
Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
масын әдеби дамудың дәстүрлі жо-
лына сай зерттеуді қолға алуының 
орнына, «ұлтшылдық-байшылдық» 
және пролетариат әдебиетінің бас-
ты ерекшеліктерін анықтаумен ай-
налысуына мәжбүр етті, ақын-жа-
зушылардың творчестволық бағы тын 
тек серуді басты нысанаға алып ке-
туіне ықпал жасады. Н. Төреқұловтың 
«Темір қазықта» жарияланған «Асау 
тұлпар» (1923, №1) атты сынына бай-
ланысты айтыста С. Сейфуллинді 
жақтаушылардың өз мақалаларында 
пролетариат ақыны екенін дәлелдеу-
ге көп күш жұмсаулары да сол се-
бептен еді. «Сәкеннің сырын» ашқан 
Ғ. Жәнібекұлының мақаласы («Еңбек-
ші қазақ», 1929, 21 тамыз) секілді 
бірнеше әшкерелегіш дүниелер, төң-
керісшілдер Ж. Орманбайұлы бас-
таған бірнеше адамның «Сәкеннің 
сыры олай емес, былай» («Еңбекші 
қазақ», 1929, 16 қыркүйек) деп ара-
ша түскеніне қарамастан револю-
ция жыршысы деп жүрген Сәкенге 
«Менің қаталарым туралы» («Еңбек-
ші қазақ», 1929, 2 қыркүйек) деген 
мойындау мақаласын жаздыртып 
тын ды. Ал Сәкеннің бұл мойындауы 
дегеніміз – төңкерісті теңдік деп ұғып 
қуана жырлаған әдебиеттің бірте-
бірте таптық, партиялық қағиданың 
қамытын киіп жасқаншақ тартып, 
саясатқа ашықтан ашық бас шұлғуға 
көшкен бүкіл әдебиеттің мойындауы.
Бұл Мағжан поэзиясы төңірегін-
де болған айтыста да анық байқалды. 
«Тұрпайы социологизмге» қарсы 
ұлт тық әдеби-теориялық ой-пікір 
екіге жарылды. Төңкерісшілдер Сә-
кен ді пролетариат ақыны екенін дә-
лелдеп жатса, «ұлтшыл» атанған-
дар Мағжанның «ұлтшыл-байшыл» 
емес екенін көрсету үшін ара түсіп, 
«Мағжанның ақындығы» се кілді 
ғылыми мәні терең мақала да жаз-
ды. Бірақ, Ғ. Тоғжанұлының «Мағ-
жанның ақындығы, Жүсіпбектің 
сыны», «Көркем әдебиет туралы 
марксшілдер не дейді, Жүсіпбек 
не дейді» секілді дүниелері жазы-
лып, ақыры Мағжан өз кредосы-
нан бас тартып, «Тоқсанның тобы» 
атты өлеңін жазуға мәжбүр болды. 
Біле білсек, бұл да ұлт әдебиетінің 
ғасырлар бойы келе жатқан дәстүрлі 
жолынан жаңылып, жаңа заман 
идеологиясының қол шоқпары бо-
луға айналған жеңілісі. «Тұрпайы 
социологизмді» 
жақтаушыларды 
ай тақтап қойып, соның негізінде 
өз үстемдігін құруға жанталасқан 
маркс тік-лениндік 
идеологияның 
жеңі сі. Әдебиетті өз идеология-
сын жырлатуды, ғылымда өз әдіс-
на масын қолдануды толық та-
лап еткен партиялық саясаттың 
1925 жылғы «Партияның көркем 
әдебиет саласындағы саясаты» де-
ген қау лысынан кейін бар билікті 
өз қолына алуы еді. Кейінде «түрі 
ұлттық, мазмұны социалистік» деп 
келгенімізбен екеуі космополит-
тік, социалистік болған әдебиетті 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


222


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   200   201   202   203   204   205   206   207   ...   444




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет