Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й Ка рг у әож кбж



Pdf көрінісі
бет250/444
Дата03.10.2024
өлшемі3,59 Mb.
#146739
түріОқулық
1   ...   246   247   248   249   250   251   252   253   ...   444
Байланысты:
Okulik XX kazak adebiet

ІІІ БӨЛІМ. 
Қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасу жолдары
кадрларсыз келуге мәжбүр бол-
ды. Сондықтан да оған өзінің туу 
кезеңіндегі қол жеткізген жетістіктері 
мен орын алған кемшіліктерін сара-
лап, алдағы атқарылар жұмыстарын 
жоспарлап алуына мүмкіндік бол-
мады. 1920-1930 жылдардағы әдеби 
сынды жанр ретінде қалыптастырған, 
әдебиет туралы ғылымды туды-
рып үлгерген азды-көпті табысты 
сталиндік саясат жоққа шығарған еді. 
Сын мен әдебиеттану енді И. Ста -
лин басшылығымен түзетулер енгі-
зілген маркстік-лениндік әдіс нама 
мен идеологияға сай бағыт-бағ-
дар түзеуге дайындала бастады. 
«Ұлтшыл-алашшыл» атанған сын-
шы-әдебиетшілердің зерттеу ең-
бек терін былай қойғанда, төңкеріс-
шіл дердің көп жағдайда маркстік-
лениндік әдіснама талаптарына сай 
келетін мақалалары мен зерттеуле-
рі, оқулықтары ғылыми айналымға 
енгізілмей тыйым салынуы, пайда-
ланудан шығарылып тасталуы үлкен 
қиындыққа ұшыратты. Бұл даму 
жолын бастағалы тұрған ұлттық 
әдебиеттану ғылымы үшін ең басты 
кедергі еді. 
Ал екінші қиыншылық, осы да-
му жолындағы алғашқы қадамдар 
фашистік Германияның кеңестер 
елі не соғыс ашқан лаңы мен соның 
зардаптарын жоюға толы қиын жыл-
дарға тап келуі болды. Өйткені, кеше 
ғана іргелі зерттеулер жазып кеткен 
ағалардың алдын көрген, ғылыми 
ортаға 1939-1941 жылдары таныла 
бастаған жаңа жас күштердің көбі 
қаламды қаруға айырбастап, май-
данға аттанды. Сондықтан негізгі 
сал мақ жеке басқа табыну салдары-
ның әшкерелегіш науқанынан, өрттен 
аман қалған бұтадай селдіреп қалған 
аз ғана топтың иығына түсті.
Қан құйлы соғыс жүріп жатқан 
кезеңде барлық күш жеңіс үшін 
жұмсалғанымен, ұлттық ғылыми-
зерттеушілік, әдеби-теориялық ба-
ғыт тағы ой-пікір өз ізденістерін 
тоқ татқан жоқ. Заман талабы оның 
ал дына жаңа міндеттер қойып, тез 
арада шешуді талап етті. Оның 
алғашқысы, басқадай оқу құралы 
болмағандықтан, «ұлтшыл-фашист, 
халық жаулары» жазған оқулықтар 
мен олардың шығармашылығы енгі-
зілген оқу құралдарын пайдаланып 
отырған орта мектептер мен жоғары 
оқу орындарын жаңа кітаптармен 
қамтамасыз ету міндеті болды. Ал 
екіншісі, фольклорлық мұра үлгі-
лерін жариялау, пайдалану, насихат-
тау және зерттеу міндеті еді. Оны 
соғыс кезінің талап-тілегіне сай бүкіл 
халықты жеңіс үшін жанқиярлық-
пен еңбек етуге жұмылдыруда отан-
шылдық, патриотизм рухын көтеруге 
шақырған кеңестік идеология тудыр-
ды. Ол әсіресе, таптық көзқарасқа 
сай тыйым салынып келген батыр-
лық эпостардың жарыққа шығуы 
мен зерттеле бастауына себепкер 
болды. Бұл басқа да фольклорлық 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


269


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   246   247   248   249   250   251   252   253   ...   444




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет