ІІІ БӨЛІМ. Қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасу жолдары
ғалымдардың соңынан жіберуге де-
ген іс-шараның да ұйымдастырылып
жатқанынан хабар бергендей. Оған
дәлел ретінде С. Нұрышевтың Ғы лым
Академиясының
«Хабаршысына»
шыққан «До конца искоренить бур-
жуазно-националистические извра-
щения в изучении творчество Абая»
(1953, №4) атты мақаласын атасақ та
жеткілікті .
Ғылыми айтыс қорытындысында
және соған сай алынған қаулыда,
«Қобыланды батыр», «Ер Тарғын»,
«Алпамыс», «Қамбар», «Қозы Көр-
пеш-Баян сұлу», «Қыз Жібек» сияқ-
ты жырлар халықтық негізде ту-
ғандығы атап көрсетілгенмен, еу-
ро пацентристік көзқарастан қол дау
тапқан «тұрпайы социологизм» тео-
риясының үстемдік алып кеткені
айқын сезілді. Басқа жыр ларды
ғылыми тұрғыда зерттей беру керек,
таптық, халықтық тұрғыдан қай-
шылықтарын ашу қажет деп көр-
сетілгенімен, оларға нигилистік көз-
қараста қарау кең өріс жая берді.
Ғылыми-зерттеушілік ой-пікір өз
табыстарын қорғау мүмкіндігінен
мүлде айырылды да, қазақ әде-
биеттану ғылымы маркстік-ленин-
дік әдіснаманың «тұрпайы социо-
логизм» теориясына ұшыраған қа те
қағидаларының қатал үкімінің құр-
бандығына айналды. Бұл келді де
қазақ фольклорынан нені, әдебиет
тарихынан және кеңестік дәуірдегі
әдебиеттен кімді, қалай оқыту керек
деген мәселені туғызды. Еңбекші
халық пен таптық мүддені ғана
жыр лайтын ақын-жазушылар мен
шығармалар асыра дәріптелді, басқа-
лары сынға ұшырады. Мысалы, «Со-
циалистік Қазақстанда» «Көпеев –
ұлтшыл, діншіл ақын» (1952, 15 та-
мыз) атты К. Көлбаевтың мақаласына
бола Орталық Комитеттің арнайы
қаулы алуынан республика ғылымын
қадағалап отырған идеология сая-
сатының өзі маркстік-лениндік әдіс-
наманы өрескел бұрмалауға жол
беріп алғанын көреміз.
«Тұрпайы социологизм» теория-
сының өріс алғаны сондай, 1952
жылғы оқу бағдарламалары мен
оқулықтардың
ғылыми-танымдық
са пасы нашарлап, ғасырлар бойы
жасалған фольклор мен тари-
хи әдебиет түгелге жуық жоққа
шығарылды. Қ. Жұмалиевтің сәл
кейінірек айтқан сөзімен келтірер
болсақ, олардың сипаты төменде-
гідей сорақы мазмұнға дейін жетті,
сондықтан толық келтірейік: «1952
жылы басылып шыққан 8 класқа
арналған оқу құралында (авторы
М. Ғабдуллин) ауыз әдебиеті де,
XVІІІ-XІX ғасыр әдебиеті де жоқ-
қа тәндік дәрежеге жеткен. Жеке
тексерілу үшін бүкіл эпос тан
Қамбар, лиро-эпостан Қозы Көр-
пеш те, ақындардан тек Махамбет
қана қалдырылған. XVІІІ-XІX ға-
сыр лардағы әдебиет өкілдерінен
Ма хамбеттен басқа бірде-бірі же-
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У