ІІІ БӨЛІМ. Қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасу жолдары
тарапынан болған әпербақандық-
тан сақтай алмады, қарсы күреске
шыға алмай қорғаншақтай берді.
«Ұлтшылдық» айыптың таяғын жеп
беті қайтқан аға буын әдебиетші-
ғалымдар да белсенділік танытпа-
ды. Соның кесірінен С. Сейфуллин
кеңес дәуіріндегі әдебиеттің не-
гізін салушыларының бірі ретінде
төмендетіліп, бұл көзқарас алғаш-
қыда зерттеу мақалаларда айтылып,
кейін оқулықтар мен монографиялық
еңбектерде ғылыми негізделе баста-
ды.
Ғылыми-зерттеушілік
ой-пікір
Сә кен, Ілияс, Бейімбет мұралары
жайында белсенділік танытқанымен,
солармен қатар құрбандыққа ұшыра-
ған басқа сыншы-әдебиетші, жа-
зушылар туралы зерттеу жұмыста-
рын қатар алып жүруге де асыға
қоймады. Тек сталиндік қамаудан
аман оралғандардың өздерімен тағ-
дырластар туралы бірді-екілі мақала
жазғаны болмаса, әдеби жиындар-
да жалпылама сөз болып, олардың
мұрасын жинау-жариялау және зерт-
теу жағына құлшыныс білдіргендер
аз болды. Ол 1920-1930 жылдардағы
әдеби-мәдени процестің даму жолын
жүйелі тексеруге, тарихи шындықтың
барынша ашық айтылмауы әсерін
тигізбей де қалмады. Оның себептері
де жоқ емес еді. Сәкеннен бастап
жиырмадан астам қазақ әдебиетінің
талантты өкілдерінің тұп-тура жи-
ырма жыл бойы әдеби, ғылыми ор-
тадан аласталуына айыптаулар ай-
тыла бастаған кезде, әдеби сынның
кінәлілер іздеп ожарлыққа басқан
тұстары да болмай қалмады. Бірақ,
ащы шындықтың айтылуы әлі алыс
еді. Себебі, жазықсыз төгілген қан-
ға, талқаны шыққан тағдырларға құ-
ныкерлер ашық айтыла бастаса, ба-
сты айыпкер өзі болып шығатынын
түсінген жергілікті партия ұйымы,
оның идеологиясының оған жібер-
меуі сол кезеңде заңды құбылыс еді.
«ХХ съезден соң Коммунистік пар-
тия басшылары ел басындағы ауыр
ахуалды түзетуге талпынғандай кө-
рінге німен, өздері біте қайнасқан
қоғам дық жүйенің шеңберінен шыға
алмады. Одақ орталығы Мәскеуде
Б. Назаров пен О. Гридневаның
«Вопросы литературы» журналы-
на шыққан мақалаларын, ақындар
О. Бергольц пен К. Симоновтың
сұхбатын, В. Дудинцевтің «Не хле-
бом единым» романын «ауа жайыл-
ды», «Социалистік мұраттарға жат
пікірлер айтты» деп ұр да жық сын-
мен төпеледі» [84, 128]. Орталықтың
ашық таратып жатқан бағыт-
бағдары мен үлгісі осындай болған
шақта (халықтан жасырын берілген
нұсқауларды айтпағанда) Қазақстанда
1937 жылдың лаңына ұшыраған
Ғ. Тоғжанов, Қ. Кемеңгеров, М. Дәу -
летбаев, С. Камалов, О. Беков,
Ж. Ша нин және тағы басқалар тура-
лы зерт теушілік ойдың кідіре берге-
ніне таң қалуға болмайды.
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У