Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й Ка рг у әож кбж



Pdf көрінісі
бет307/444
Дата03.10.2024
өлшемі3,59 Mb.
#146739
түріОқулық
1   ...   303   304   305   306   307   308   309   310   ...   444
Байланысты:
Okulik XX kazak adebiet

ІІІ БӨЛІМ. 
Қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасу жолдары
«Әдебиеттану ғылымы мен сыны-
ның дәрежесі жоғары болсын» (1956, 
22 наурыз) атты бас мақала мен 
«Казахстанская правда» газетіндегі 
М. Қаратаевтың «Нужна подлин-
но научная история қазахской ли-
тературы» (1956, 14 қазан) деген 
мақаласы болды. Оларда партияның 
көркемөнер иен ғылым саласын-
дағы жаңа саясаты түсіндіріле келіп, 
әдебиеттану мен сындағы орын ал-
ған кемшіліктерді түзету мен жаңа-
ша зерттеуде лениндік әдіснаманың 
қағидаларын басшылыққа алудың 
жолдары методологиялық тұрғыда 
негізделді. Бұл «Қазақ әдебиеті» 
газетінің «Әдебиет және әдебиеттану 
ғылымы» аталатын бас мақала-
сында кеңірек сөз болды да, қазақ 
әде биетінің ғылыми тарихын жасау 
мәселесі нақты қойылды. Осы секілді 
жаңаша көзқарастан қуат алған ұлт-
тық ғылыми-зерттеушілік ой-пікір 
бұған дейінгі өткен жолындағы бар-
жоғын түгелдеуге батыл кірісті. 
Р. Бердібаевтың «Қазақ әдебиеті 
тарихының 
кейбір 
мәселелері» 
(«ӘжИ», №2), Ә. Дербісалиннің 
«Байсалды зерттеуді қажет ететін 
мәселе» («Қ. Ә.», 4 мамыр), 
М. Дүйсеновтің «20-жылдардағы 
қазақ совет әдебиеті», С. Сейітовтің 
«Казах ская советская литерату-
ра перио да довоенных пятилеток» 
(1956, ҒА-ның Хабарлары, V кітап), 
Б. Кен жебаев тың «Қазақ совет әде-
биеті кезеңдері жөнінде» («Қ. Ә.», 
7 желтоқсан), Ә. Қоңыратбаевтың 
«Сынның сырқаулары» («Қ. Ә.», 
3 ақпан) секілді мақалалары ғылыми-
зерттеушілік ой-пікірдің әрі-сәріде 
тұрған кезіндегі алғашқылығымен 
ғана емес, жаңа арнаға бастайтын 
батыл барлаулар жасай алуымен құн-
ды. Ең бастысы, тұрпайы социоло-
гиялық көзқарастағы бағалаулардың 
әдебиеттің таптығы қағидасын асы-
ра дәріптеуден туғандығының сы-
ры ашыла бастады. Бұл – бір. Екін-
шіден, 1920-1930 жылдардағы әде-
биетті іштей бірнеше кезеңдерге 
бөлу жолындағы алғашқы түсініктер 
қалыптасты. Орыс әдебиеттануының 
осы бағыттағы қадамдарына сүйене 
отырғанымен, Б. Кенжебаев өзінің 
1941 жылғы «Қазақ тілі мен қазақ 
әдебиеті» атты кітапшасындағы қа-
зақ әдебиетін дәуірлеу туралы көз-
қа расын жалғастыра отырып, оның 
«Совет әдебиеті» деген бесінші 
кезеңін енді «Қазақ совет әдебиеті» 
деп атады. Оны іштей «қазақ совет 
әдебиеті дамуының алғашқы кезеңі», 
«соғысқа дейінгі бесжылдықтар дә-
уіріндегі әдебиет», «Ұлы Отан со-
ғысы кезіндегі әдебиет», «соғыстан 
кейінгі жылдардағы әдебиет» деген 
кезеңдерге бөлуді ұсынды, ғылыми-
зерттеу жұмыстарды осы жүйеде 
жүргізуге шақырды. Осының бар-
лығы 20-30-жылдардағы әдебиеттің 
туып-дамуына үлес қосқан ақын-
жазушылар 
шығармашылығының 
жа ңаша бағалана бастауына, зама-
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


327


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   303   304   305   306   307   308   309   310   ...   444




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет