Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й Ка рг у әож кбж



Pdf көрінісі
бет323/444
Дата03.10.2024
өлшемі3,59 Mb.
#146739
түріОқулық
1   ...   319   320   321   322   323   324   325   326   ...   444
Байланысты:
Okulik XX kazak adebiet

ІІІ БӨЛІМ. 
Қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасу жолдары
әкеле алмай келеміз. Осы неліктен? 
Жақын арада шолып қарасам, Шор-
танбай туралы жиырма бес мақала, 
Бұқар туралы отыз екі мақала 
басылғанына кездестім. Айналасы 
250 жол өлеңі бар Бұқарды тануға 
осынша уақыт неге кетіп жүр. Бұл 
халық ақындарының еңбектерін тек-
серуге советтік ғылымның өресі 
жетпей жүргендіктен емес, өлі ақын-
ға да, тірі ақынға да партиялық 
обьективті көзқарасымыз бірікпей 
жүргендіктен» деген секілді пікір-
лер әр түрлі сипатта айтыла бас-
тағандықтан, әдебиетші-ғалымдар-
дың идеялық көзқарасын біріктіруге 
кеңестік идеология да мүдделі бол-
ғанын ашып айту керек [67, 368]. 
Бұл конференцияның қазақ әде-
биеттануының қалыптасу тари хын-
дағы маңызы туралы пікір айтқан-
дардың барлығы да ғылыми-зерттеу 
жұмыстарына кедергі болып келе 
жатқан көптеген мәселелердің бе-
ті ашылғанын, біраз ілгері басу 
бол ғанын, қазақ әдебиеті тарихын 
жүйелі тексерудің жолға қойылғанын 
атап көрсетеді. Негізінен дұрыс бол-
ғанмен партиялық-әкімшілік жүйе 
кезінде айтылған ойды қайталау 
бар. Бұл жерде біз конференцияның 
фольклорлық мұра мен әдебиет тари-
хын тексеруде соны қадам болып та-
былатын табысын жоққа шығарайын 
деп отырған жоқпыз. Мәселе – осы 
бағалауларда қазақ әдебиеттану ғы-
лымының бұдан былай маркстік-
лениндік әдіснаманың жаңа кезеңге 
лайықталған қағидаларының ықпа-
лына біржола түскенінің ашып ай-
тылмауында. Мысалы, тіпті беріде 
ғана шыққан еңбекте Д. Мыңбаев 
конференциядағы Е. Ысмайыловтың: 
«Әдебиет тарихының негізгі проб-
ле малық мәселелерін жан-жақты 
шешіп зерттеуде бір тарихшылдық 
принципті, яғни әдеби құбылыстарды 
тарихи даму процесінде, әрбір ақын-
ды өзінің туған тарихи-қоғамдық ор-
тасына нақты байланыста алып тек-
серу принципін қолданамыз» дегенін 
сындарлы пікір деп табады [84, 219]. 
Егер тереңірек үңіліп қарасақ, ғалым 
бұл пікірді идеялық қайшылығы 
бар деп дау-дамайға түсіп жүрген 
ақындарды таптық қоғамның өкі-
лі ретінде бағалау қажеттігін негіз-
деу мақсатында айтып отыр. Жалпы 
алғанда конференцияның маркс-
тік-лениндік әдіснаманы, оның әде-
биеттің таптығы, халықтығы, пар-
тиялығы қағидаларын ғылыми жұ-
мыстарда түпкілікті орнықтыру 
мүд десін ұстағаны тарихи шындық. 
Сон дықтан оған баға берген уақытта 
егемендік алғанға дейінгі қазақ 
әдебиеттануының ұлттық мүддеге та-
мыр тарта алмаған, өткендегі мұраны 
тарихи ақиқат тұрғысынан баға лай 
алмаған кемшіліктерінің барлығы 
осы конференциядан басталғанына 
көңіл аудару қажет деп ойлаймыз.
Конференциядағы жасалған не-
гізгі баяндамалардың тақырыптық 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


343


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   319   320   321   322   323   324   325   326   ...   444




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет