ІІІ БӨЛІМ. Қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасу жолдары
еңбектер мен түрлi әдеби жинақтар
бой көрсете бастады. Рас, ол осы кезең-
де молынан жарияланған ғылыми
және сыни еңбектердiң барлығын да
болды десек қателесер едiк. Көпте ген
еңбектер бұрынғы айтылғандарды
толықтыру, тереңдету мақсатында
жарияланып отырылды. Бұл, әсiресе
әдебиетшi, сыншы ғалымдардың өз
зерттеулерiнiң екi-үш томдықтарын
шығаруы барысында байқалды. Ал
ұлттық әдебиеттануға сол қыспақта
тұрған қиын кезеңде аз да болса үлес
боп қосылған тың қадамдар өрiс ала
бердi. Төңкерiске дейiнгi әдебиет
өкiлдерiнiң шығармалары молы-
нан жариялана бастады. Мысалға
1965 жылғы «Үш ғасыр жырлай-
ды» атты жинақтың, «Алдаспан»
антологиясының (1971), ендi «Бес
ғасыр жырлайды» (1984) деген ат-
пен толығып шығуы көп жайды
аңғартады. Абайтану, шоқантану, ал-
тынсаринтану жеке iлiм саласы бо-
лып қалыптасып бiттi, тек маркстiк-
лениндiк әдiснамаға қайшы келетiн
кейбiр мәселелерiн нақтылау ғана
қалды. Сәкентану мен әуезовтану,
сәбиттану iлiмi жан-жақты дами бас-
тады. Абай, Ыбырай, Мұқтар, Сәбит
тағылымдары аталатын ғылыми жи-
нақтардың шыға бастауы оған айқын
дәлел.
Фольклорлық мұраны әдебиет тiң
таптығы, халықтығы қағидасымен
бағалау бәсең тарта бастады. Оған
қоғамды демократиялық жолмен
қайта құруды қолға алған уақыт та-
лабы қатты әсер еттi. Соның әсерiнен
қазақ фольклорының көп томды-
ғын академиялық баспа тұрғысын-
да шығару iсi қолға алынды. Бұ рын
тиым салынған халық ауыз әде биетi
үлгiлерiн жариялау, зерттеуге көңiл
аударылды. Басқа елдер фолькло-
ристикасындағы дәлелденген мето-
до логиялық iзденiстердi ұлттық
фоль клордан көп қиналмай-ақ iздеп
тауып, бiр iзбен келе жатқан ұлттық
фольклортану бар-жоғын түгелдеуге
бет бұрды. Халық ауыз әдебиетiндегi
жанр тұрақтылығын зерттейтiн па-
ремиологияда, тұтастай тексеретiн
кешенді және жүйелi әдiстерде, се-
миотика саласында соны iзденiстерге
ден қойды. Р. Бердiбаев, Б. Уақатов,
О. Нұрмағанбетова, Б. Адамбаев,
С. Қасқабасов, Е. Тұрсынов, Ш. Ыбы -
раев, Т. Сыдықов, т.б. жекелеген
жанрлар табиғаты мен көркемдiк кес-
тесiн, шығу тарихын арнайы қарас-
тырды. Ұлттық фольклортанудың
туу, қалыптасу тарихы да зерттеу
ны санасына алынды. Бұрын ол көп
томдықтағы ғылыми шолу мен 1972
жылғы «Қазақ фольклористикасы»
деген зерттеулер жинағында ғана
айтылған едi. «Қазақ тарихи жыр-
ларының мәселелерi» (1979), «Қазақ
фоль клорының типологиясы» (1981),
«Қазақ фольклористикасының тари-
хы» (1988) атты ұжымдық моногра-
фиялар ұлттық фольклортанудағы
айтарлықтай табыс болды.
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У