ІІІ БӨЛІМ. Қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасу жолдары
(1986), Н. Келiмбетовтiң «Қазақ
әдебиетiнiң ежелгi дәуiрi» (1986),
М. Жолдасбековтiң «Асыл арна-
лар» (1986), Қ. Өмiрәлиевтiң «VIII-
ХII ғасырлардағы түркi әдеби
е керткiштерi» (1986), А. Қырау баева-
ның «Ғасырлар мұрасы», Х. Сүйiнiш -
әлиевтiң
«Ғасырлар
поэзия сы»
(1987) секiлдi қазақ әдебиеттану
ғылымына үлес болып қосылған
ғылыми
еңбектерiне
жалғасты.
Оларда ежелгi дәуiрдегi көне түркi
жазба ескерткiштерiнiң ұлттық әде-
бие тiмiздiң арғы бастаулары екенi
ғылыми негiзделiп, оны дәуiрге
бөлудi осы ерте кезеңнен бастап
жүйелеу қажеттiгi толығымен дә-
лелдендi. Соның нәтижесiнде ұлт-
тық әдебиетiмiздiң тарихы хроно-
логиялық тұрғыдан алғанда ежелгi
дәуiрдегi әдебиет, ХV-ХVIII ғасыр-
дағы әдебиет, ХIХ ғасырдағы әде-
биет, ХХ ғасыр басындағы әдебиет,
қазақ совет әдебиетi деген дәуiрлер-
ге жүйелендi де, он екi ғасыр болып
толықты. Бұл дегеніміз – ұлттық
ғылыми-зерттеушiлiк ой-пiкiрдiң жи-
ырма жылғы тарта дау-дамайға түсiп
келген концепцияны толық жүзеге
асырған үлкен табысы едi.
Қазақ әдебиеттану ғылымы өзi-
нiң қалыптасу кезеңiнде төл әде-
биетiмiздiң ұлттық танымға сай та-
рихи бастауларын анықтап алуы,
сөз жоқ, ғылыми мәнi зор жаңалық
болып табылады. Себебi, бұл қа-
зақтың ұлт, халық ретiнде толық
танылуын, әдебиетi мен өнерiнiң,
ғылымының өсiп-өркендеуiн Ресей ге
«өз еркiмен қосылғаннан» берi қарай
ғана қарастырып келген, тiптi Қазан
төңкерiсiне дейiн «үш пайызы ғана
хат танитын сауатсыз едi» деудi оңды-
солды насихаттаған европацентристiк
көзқарастың, нигилистiк пиғылдағы
пiкiрлердiң iрге тасын шайқал тып-
ақ тастады. Ғылыми-зерттеушiлiк
ой-пiкiр ендi қазақ халқының төңке-
рiске дейiн «надан», «тағы», «тузе-
мец» болмағанын дәлелдеуге бағыт
ала бастады. Оның бiр көрiнiсi
Т. Кә кiшевтiң қазақ әдебиетi сыны-
ның туу, қалыптасу тарихын зертте-
ген еңбектерiнен байқалды. Ғалым
ұлттық
сыншылдық-эстетикалық
ой-пi кiрдiң
бастауларын
халық
фоль к лорынан берi тарамдата баян-
дап, негiзгi арналары төңкерiске де-
йiн-ақ айқындалғанын, ғасырларға
созылған туу үдерісін бастан кешiрiп
үлгергенiн ғылыми саралап шықты.
Жоғарғы оқу орындарында жеке пән
ретiнде жүргiзу дәрежесiн алып бердi.
Қалыптасу жолындағы әрбiр кезеңi,
методологиялық мәселелерi мен тео-
риясы, жанрлық iшкi түрлерi жекелей
зерттеле бастауына жол ашты.
Ғылыми-зерттеушiлiк ой-пiкiрдiң
ұлттық мақсаттағы таным-бiлiкке
тереңдей бой ұруы 1980 жылдары
толыса түстi. Кеңестiк идеологиялың
iрiп-шiрiгенi сондай, кейде маркстiк-
лениндiк әдiснаманы тек қалқан
ретiнде ұстай отырып жазылған
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У