І БӨЛІМ. Әдеби мұраны зерттеудің негізгі арналары
зициялық құрылысындағы алатын
орнына қарай талдау, сол арқылы шы-
ғарманың айтар ойы мен тәрбиелік
мәнін ашуға деген ұмтылыс басым.
Ең бастысы – әйелдер образын бір-
бірімен салыстырмалық тұрғыда тал-
дауы. Аналық, Қарлығаш және Құрт-
қа, Қарлыға-Құртқа бейнелерін бір-
бірімен салыстыра қарастыруда, бұл
образдарды жасаудағы шамандық-
қа негізделген мифтік дүниетаным
мен ислам дініне сай жырды шы-
ғарушы көзқарасын ашуда, қазақ
әйелінің қоғамдағы орнын анық тау да
зерттеушілік мақсат ұстайды. Жыр-
дағы қазақ әйелдерінің тағдырына
ислам дінінің әсеріне, әйелдерге де-
ген мұсылмандық көзқарасқа сын -
шылдық тұрғысынан келуінен сол
кездегі әйелдер теңдігі туралы қо-
ғамдық ой-пікірдің әсері анық бай-
қалады. Жырдағы образдар жүйе сін
сөз етудің нәтижесінде Ә. Бө кейха-
нов ұлттық ғылыми-зерттеу шілік
ой-пікірге шығарма кейіпкері деген
ұғым енгізді. Қобыланды бейнесі ар-
қылы тарихи, Көктен кемпір, Құртқа
образдары арқылы мифтік кейіпкер
деген түсініктің орын алуына бастама
салды.
3. Әдеби шығарманың тарихқа қа-
рым-қатынасы мен шыққан кезеңін
анықтауда бұрын тарихи оқиғаның
жырлануы мен шежіредегі тарихи
деректерді, аңыздық желілерді қатар
алып жүрген тарихилық принци-
піне жаңа бағытты, яғни көркем
шығарманың өзі арқылы, ондағы
образдардың жасалуындағы көзқа-
рас арқылы зерттеуді бірінші боп
қолданды.
4. Ғылыми-зерттеушілік ой-пікір-
де айтылып келген әдеби мұраның
халықтығы проблемасын белгілі
бір шығарманы талдау арқылы ғы-
лыми негіздеді. Әсіресе, ол Қарлыға
образын сөз етуде анық көрінеді.
Бұрын нақты образдың жасалуын-
дағы халықтық көзқарас деген мәселе
сөз болмаған еді. Расында да Қар-
лыға бейнесі басқа батырлар жырын-
да ұшыраспайды. Аналық, Қарлығаш
бейнелерін жасаудағы ислам діні-
нің, Құртқа, Көктен кемпір образ-
дарын сомдаудағы мифтік ұғымның
ықпалын қазбалай айтқан мақала
авторы Қарлыға бейнесіне келгенде,
оны өз бақыты үшін күресуші, ол
үшін ештеңеден тайынбайтын қай-
сар жан деп түсіндіреді. Мақаладағы
Қарлыға бейнесіне байланысты ай-
тылған баға кейінгі зерттеу еңбек-
терде қайталана айтылып, әлі күнге
дейін келе жатыр. «Несмотря на ее
безумную отвагу, чудовищные жес -
токости и кажущуюся бессер деч -
ность, народ признал Карлыгу, – деп
жазады Ә. Бөкейханов – за нор-
мальное явление при налич ности
непо сильных и крупных препят-
ствий к восстановлению попран-
ных прав женшины, видя в ней не
безнравственное чудовище, а свою
надежду на лучшее будущее киргиз-
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У