ІV БӨЛІМ. Қазақ библиографиясының тарихы
М. Сералин журналдың 1913 жыл-
ғы №11 санындағы бас мақалада соң-
ғы екі жыл ішіндегі жарық көрген
қа зақ кітаптарын санамалай көрсете
ке ліп, «бұл секілді жаңа рухта жазыл-
ған кітаптардың дүниеге таралуы қа-
зақ ішінде бірлі-жарым ұйқылы-ояу
бастарын көтерушілердің барлығына
таң қараңғысындай бір ишарат бо-
лып көрінсе керек», – деп жазады.
Ал Д. Қашқынбайұлы 1912 жылғы
№11 санындағы «Қазақ халқының
тарихын уә шежіресін сұраушы-
ларға» атты мақаласы 1900 жылғы
А. Е. Алекторов көрсеткішінен
алын ған он екі кітаптың тізімін бе-
реді (Мақала қолға түспеген соң
көрсете алмадық). Журналдағы же
-
ке леген кітаптардың басылып шық-
қанын айқан хабарламаларды айт-
пағанда мына қадамдарын қазақ
биб лиографиясының алғашқы іздері
демесе болмайды. 1912 жылғы № 5
санында «Бұған да көз салыңыз!»
деген атпен «Айқап» баспаханасы-
на түскен қазақ кітаптарының тізімі
берілсе, 1913 жылғы № 13, 14, 16,17
сандарында «Брадаран Каримовтар
кітапханасы» деген атпен осы ба-
спадан жарық көрген қазақ тіліндегі
кітаптар тізімін ұсынған. Сол сияқты
1915 жылы № 2, 3 санында «Қазақ
басқармасында сатылатын кітаптар»
деген тақырыпшамен қазақ тілінде
басылып шыққан он бір кітаптың
тізімі берілген. Кең далаға біршама
тарап, елдің қазақша ойлауына
мұрындық болған «Айқап» қазақ
кітаптарының жарық көргенін ха-
барлап, тізімін беріп түсініктеме,
ал кейде сын жазып отырғанда екі
түрлі мақсат ұстанған. Оның бірі –
қазақ кітаптарының ел арасына та-
ралуын насихаттау болса, екіншісі
өз бағдарламасында көрсетілген би-
блиография істерін жүргізіп отыру
еді. Журнал бетінде көрініс тапқан
қазақ библиографиясының осын-
дай ізденістерге бүгіндегі өскелең
көзқараста қарап мұрын шүйіре
менсінбеуді қояр уақыт жетті. Бары-
мызды жоққа шығарудан тапқан пай-
дамыз шамалы.
«Айқаптың»
библиографиялық
сипаттағы бұл игі істері «Қазақ»
газетінің бетінде де өз жалғасын
тапқанымен, тереңдеп, өркендеп кете
алмады. Оған ел тағдырына байла-
нысты саяси-әлеуметтік, қоғамдық
мәселелерге көбірек көңіл бөлген
газеттің мүмкіндігі де бола бермеген
болуы керек. Сонда да болса, «Қазақ»
газеті «Жаңа кітаптар», «Қазақ» бас-
қармасында сатылатын кітаптар»
және тағы басқа тақырыптарда беріп
отырған хабарларында жарық көріп
жатқан фольклорлық үлгілер, оқу
құралдары, жеке ақын-жазушылар
шығармалары туралы мәлімет беріп
отырды. Мысалы, «Кітап сұраушылар
ескерсін» (1915, №105) атты мақалада
Ғ. Қарашов кітаптары туралы айт-
са, «Жаңа шыққан кітаптар» деген
айдармен С. Дөнентаевтың «Уақ-
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У