ІV БӨЛІМ. Қазақ библиографиясының тарихы
түйек», М. Сералиннің «Топжарған»,
М. Дулатовтың «Оян, қазақ», «Тер-
ме», А. Байтұрсыновтың «Маса»,
«Тіл құрал» және басқа да кітаптар
басылғанын хабарлады. «Қазақтың»
библиографиялық сипаттағы іздені-
сінде «Қазақ» басқармасында сатыла-
тын кітаптар» деген атпен басқарма
тарапынан шыққан мақалалардың
мәні зор. Мысалы, 1915 жылы осы
айдармен шыққан хабарда қазақша
басылған он кітаптың тізімі беріл ген.
Олар: А. Байтұрсыновтың «Әліп-
пе», «Маса», «Тіл құрал» (1-жыл
үшін), «Тіл құрал» (2-жыл үшін),
М. Дулатовтың қазақша «Кираәт
кітабы», «Бақытсыз Жамал», «Есеп
құралы» (1-жыл үшін), «Есеп құралы»
(2-жыл үшін), Ғ. Қарашовтың «Аға
тұлпар», Б. Өтетілеуовтің «Жиған-
терген» кітаптары. Газет тізіміндегі
кітаптың нақты нарқы мен почта-
мен жіберілгендегі бағасын қоса
көрсетіп отырған. Міне, тура осын-
дай дәрежедегі тізім газеттің он
тоғыз санында шыққанын ескерсек,
газет өзі шығып тұрған кездегі қазақ
кітаптарының библиографиялық ті-
зімін толық көрсетіп берді деуге
негіз бар. Бұл жеке кітаптар туралы
хабарларды есептемегенде. Бұған
М. Шоқаевтың 1915 жылғы №156
санында жарияланған «Ә. Дива-
ев» мақаласында ғалым бастырған
этнографиялық материалдар мен
фольклорлық үлгілерді «Ертегі –
хикаялар», «Мысалдар», «Тарихи
қағаздар» деген топқа бөліп, толық
тізімін беруін қоссақ, біршама жұ-
мыс жүргізілгеніне куә боламыз.
Не гізінен газет қазақ кітаптарының
басылуы мен таралуы, олардың сапа-
сы деген мәселеге селқос қарамаған.
М. Дулатов М. Тұрғанбайұлы ның
«Пайғамбар заманы» деген оқу құ-
ралына жазған мақаласында (1915
№ 139): «Бұл кітаптың тілі сұлу,
түсінікті, айқын қазақша жазылып,
бастауыш мектептің соңғы жылына
арналған. Басылуы да көркем, емле-
сі қазақша. Мектеп кітаптарымыз
жеткіліксіз болып тұрған кезде бұл
мезгілді һәм орынды шыққан жақсы
бір кітап болды», – деп бағалайды.
Одан соң кітап иесінің «Түрік
қауымдарының ішіндегі ең сап болып
тұрған жалғыз қазақ әдебиеті екен.
Осы алтындай таза, гауһардай қым-
бат қазақ әдебиетіне қылған қызметі-
міз бүтін түрік қауымдарына қылған
қызметіміз ғой» деген пікірін қоштай
келе, бұл салада арта қалып келе
жатқанымыз қазақ баспахананың,
кітап бастырушының және кітап сау-
дасымен айналушылардың жоқтығы
деп көрсетеді. Осы кітапты бастырып
шығарған Қ. Қоңыратбайұлынан үлгі
алуға шақырады. «Қазақ» бетіндегі
осы тақылеттес ой-толғамдардың
молынан айтылуы, қазақ библио-
графиясының мәселелеріне тікелей
қатысты болмағанымен сол бағыт-
тағы жұмыстардың жандануына өз
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У