ІV БӨЛІМ. Қазақ библиографиясының тарихы
көрсеткіші» жоғарыда атап өткен
«Қазақ совет әдебиеті» библиогра-
фиялық көрсеткіштерінің І, ІІ том-
дарының жалғасы болып саналады.
Бұл библиографиялық көрсеткіште
қазақ әдебиеті мен өнері жайлы 1956-
1960 жылдарда қазақ және орыс
тілдерінде жарық көрген, ғылыми-
теориялық, сын мақалалар мен моно-
графиялар енген. Ғылыми-зерттеу
жұмыстарына қажетті бұл ғылыми
библиографиялық көрсеткіштің мәні
зор. Ә. Нарымбетов алғашқы 1970,
1986 жылдары шыққан еңбектерін де-
гі теріс кеткен тұжырымдарын түзе те
ме деген үміт болған, бірақ, ол турасы
Ә. Нарымбетовтің соңғы еңбегінде
бір ауыз сөз қозғалмапты, «қалам-
мен жазғанды балтамен шаппайды»
дегені ме екен, кім білсін, алайда әлі
де болса қазақ библиографиясындағы
бұл кемшіліктер түзетілмей отыр.
1994 жылы Қазақстан Ұлттық
кітапханасы «Қазақстан туралы жа-
ңа әдебиеттер көрсеткіші» деген
атпен 1971-1985 жылдарды қамти-
тын ретроспективті көрсеткіш шы-
ғарған болатын. Қазақстан Респу-
бликасы Мәдениет министрлігі, Қа-
зақстан Республикасының Ұлттық
кітапханасы бірігіп, Ә. Д. Құспа-
нов редакторлығымен 1994 жылы
«Қазақстанның Мәдени өмірі» де-
ген библиографиялық көрсеткішті
жарыққа шығарды. Сол сияқты осы
жылдары Қазақстан Республикасы
Ұлттық кітап палатасы қазақша-
орысша «қоғамдық ғылымдар» де-
ген ағымды библиография тізімін
құрастырса, 1986-1991 жылдарды
қам титын «Қазақ ССР Мәдениеті
мен өнері туралы жаңа әдебиеттер»
биб лиографиялық көрсеткіштері жа-
рық көрді. 1997 жылы «Қазақстан
Республикасының мерзімді және
жал ғасты басылымдары» 1986-1995
жылдарды қамтитын жинақталған
көрсеткіш, Ұлттық кітап палата-
сы 1988 жылы шығарған осы аттас
кітаптың (1976-1985) жалғасы болып
саналады. Көрсеткішті құрастыруға
Кітап палатасының қоры пайдаланы-
лып, сол жылдар аралығында шыққан
журналдар, альманахтар, бюллетень-
дер, библиографиялық көрсеткіш-
тер, еңбектер жинақталып, алфавит-
тік тәртіппен тіркелген. Жинаққа бір
рет шығатын, «Рецензиялар шежі-
ресі» атты Қазақстан Республикасы-
ның Мемлекеттік библиографиялық
көрсеткішінің де қазақ библиогра-
фиясына қосар үлесі бар.
Қазақ библиографиясының бір жа-
рым ғасырлық бастан кешкен түрлі
қиыншылықтары мен қол жеткізген
табыстарының көрінісін беріге ұм-
тылған бұл еңбекте, ХІХ ғасырдың
екінші жартысында қазақ әдебиеті
библиографиясына, жалпы қазақ әде-
биетінің өсіп өркендеуіне атса лысқан
орыс ғалымдарының еңбегі аз болған
жоқ. Олардың бізге қалдырып кеткен,
қазақ әдебиетіндегі өшпес мұралары
тарихта өз бағасын жоймайды.
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У