Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й Ка рг у әож кбж



Pdf көрінісі
бет57/444
Дата03.10.2024
өлшемі3,59 Mb.
#146739
түріОқулық
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   444
Байланысты:
Okulik XX kazak adebiet

ІІ БӨЛІМ.
 
Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
ғасыр басында ұлт әдебиетінің та-
рихын ғылыми тұрғыда тану Абай 
шығармашылығынан басталғанын 
бай қаймыз. Абайдың қазақ поэзия-
сына игі әсерін кейін А. Сегізбаев 
«Абайдан бұрынғы ақындар мен 
Абайдан соңғы ақындарды салыстыр-
сақ, Абайдан соңғы ақындардың 
сөздері тіпті басқа түрге кірген. Оған 
себеп Абай кейінгі ақындарға жөн 
сілтеп, бетін түзеген», – деп жазады.
Кеңес дәуірінде қазақ зиялы-
ларының төңкеріске дейін жазған 
мақалалары қазақ әдебиеттану ғы-
лымында аталмай, егер аталса теріс 
көзқараста түсіндіріліп келді. Бұл 
еңбектердегі жеке ақын-жыраулар 
туралы айтылған әрбір пікір мен 
әр автордың өзіндік ой-көзқарасы 
әдебиеттану ғылымы мен сынының 
өсу дәрежесін көрсетіп қана қоймай, 
әдеби-теориялық және әдеби-тарихи 
бағыттағы ой-пікірдің әдебиет та-
рихына байланысты нақты айтыла 
бастағанын байқатады. Бұл жолда 
«Қазақ» газетінде жарияланған А. Бай-
тұрсынов пен М. Дулатовтың Абай 
творчествосына байланысты шық қан 
мақалалары осының айғағы. Абай 
өмірбаянына байланысты деректер 
К. Ысқақов берген нұсқадан туындап 
жатса да әр автор ақын поэзиясына, 
оның жаңашылдығы мен ағарту-
шы-реалистік сипатын танытуға өз 
пікірін, өз ойын білдіруге ұмтылған. 
Сол кездегі қазақ зиялыларының 
көрнекті өкілдерінің Абай творче-
ствосын танытуға, насихаттауға қа-
лам тартудағы басты мақсаты – ақын-
ның өнерпаздық тұлғасын барын ша 
ашу, өнер қуған жастарға Абай жо лын 
нұсқау. Абайдан үйренуге шақыру мен 
қатар, жазба әдебиетінің негізін са-
лушы ретінде әдебиет тарихын дағы 
орнын белгілеу де болған. Се бебі, әр 
түрлі жинақтарға кірген ақын-жы-
рауларды былай қойғанда, жеке жи-
нақтары шыққан Дулат пен Шортан-
бай творчествосынан көрі Абайға 
ерекше көңіл аударулары ағартушы-
де мократтық идеяның барынша өріс 
алып бара жатқанынан болса керек.
Ұлы ақынның классикалық мұ-
расы жайында өз пікірі мен баға сын 
айтуға талпынған А. Байтұрсынов-
тың 1913 жылы «Қазақ» газетінде 
жарияланған «Қазақтың бас ақыны» 
атты мақаласының ғылыми зерттеу 
ретіндегі маңызы ерекше. Автордың 
айтуына қарағанда Абай өлеңдері мен 
1903 жылы Мүрсейіт қолжазбасы 
арқылы танысқан. Абайдың ұлылы-
ғы мен кемеңгерлігі «Қазақтың бас 
ақыны – Абай Құнанбаев. Онан ас қан 
бұрынғы – соңғы заманда біз біле-
тін ақын болған жоқ» деп бағалана 
келе, «тарихи миссиясы, рухани 
бол мысымыздағы орны, көркемдік-
эс тетикалық сипаттары дұрыс көр-
сетіліп, терең талданып, алғаш рет 
қазақ оқырмандарының алдына тар-
тылды» [18]. Мақала Абай поэзиясы 
табиғатының қыр-сырын түгел ашып 
бермегенімен, бүгінгі таңда Абай тану 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


73


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   444




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет