ІІ БӨЛІМ. Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
тің мақаласы ғұмырнама дәрежесі нен
аса алмаса, бұл мақалада Шоқан ның
өмірі мен шығармашылық мұра сын
зерттеушілік тұрғыдан бағалау ай қын
танылады. Ұлы ғалымның ата-тегі,
балалық шағы, білім алуы, орыс до-
стары, саяхаттары мен қызметі, зерт-
теу еңбектері – барлығы да жүйелі
түрде сөз етілген. Зерттеу мақаланы
жазу барысында автор Г. Потанин,
Н. Ядринцевтердің естеліктері мен
Ш. Ибрагимовтің мақаласына сү-
йенген және қажет жерінде олардың
пікірін келтіріп те отырған. Негізгі
ой Г. Потаниннің Шоқан туралы
айтқан пікірінен туындап жатса да,
ұлы ғалымды: «Заманында қазақ-
тан оқушы болса, Шоқан қазақ әде-
биетіне бірінші негіз құрушы болмақ
еді, бірақ заман һәм тағдыр офа
қылмады. Шоқан арманда кетті», –
деп бағалауы көңіл аударарлық. Бұл
мақалалардың қазақ әдебиеттану
ғылымының туу дәуірі үшін орны
зор, себебі, әдеби-тарихи бағыттағы
ой-пікір ұлттық жазба әдебиеттің
негізін қалаған кірпіш Абай еке-
нін, алғашқы негізін құрушылардың
бірі Шоқан екенін анықтап алды.
Сондықтан «Қазақ» газетіндегі қазақ
әдебиетінің көрнекті өкілдері туралы
жарияланған мақалалардың мақсаты
осы газетті зерттеуші Ө. Әбдиманов
айтқандай тек «ел көсегесін көгертуге
өмірін арнаған халық ұлдарын жұрт-
қа таныстырып, өлмес ісін кейінгіге
паш ету» ғана емес, олардың өмірі
мен шығармашылығын зерттеу ар-
қылы әдебиет тарихын тексеру мен
бұл саладағы жұмысқа жаңаша ба-
стама салу да еді [19, 146].
Қорыта айтқанда, К. Ысқақов,
Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Ду -
латовтардың қазақ әдебиетінің көр-
некті дарындары туралы мақала ла-
рында олардың өмірі мен творче-
ствосын танытуға деген талап-тілек
те анық көрінді. Сол кезеңдегі қоғам-
дық-әлеуметтік мәселелерді көтер-
ген және сыни мақаламен салысты ра
қарағанда, бұлар – ғұмырнамалық
негіздегі ғылыми-зерттеушілік си-
паты нақты танылатын еңбектер.
Сол себептен де ұлт әдебиетінің да-
рынды өкілдері Ш. Уәлиханов пен
А. Құнанбаев шығармашылығын ғы-
лыми тұрғыдан бағалауда, әдебиет
тарихындағы және мәдениетіндегі
орнын белгілеудегі алғашқы қадам
деп қарасақ, классикалық мұраны
зерттеудің бастауы мен сара жолға
апарар негізгі соқпағы Қазан төң-
керісіне дейін-ақ көріне бастады
де ген тұжырымға келеміз. Себебі,
әдебиет туралы ғылымның туу дә-
уірін дегі алғашқы еңбектердің ғұ-
мыр на малық сипатта болуы заңды.
Орыс сыншысы В. Г. Белинский «ис-
точник творческой деятельности по-
эта есть его духа, выражающийся в
его личности, и первого обьяснения
духа и характера его произведений
должно искать в его личнос ти», –
деп жазған болатын [20, 308]. ХХ
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У