ІІ БӨЛІМ. Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
назар аударылуының өзі мақаланың
ғылыми жаңашылдығын байқатады.
«Әдебиет тарихы» оқулығымен
салыстыра қарағанда, бұл мақала-
ның кейбір жетіспеушіліктері бар
және ол бүгінгі күннің көзқарасы-
мен қарағанда. Еңбекте ғылыми-
зерт теу ісінде берік орын тепкен
маркстік-лениндік әдіснама оның
әдебиеттің таптығы принципі айқын
көрініс тапқан. Кез келген жанр мен
фольклорлық шығарманы сөз ету
барысында авторлар осы принцип
тұрғысынан келеді. Мақаладағы
классификацияда халық тарихын-
да ерекше орын алатын хандар мен
батырлар туралы тарихи жырлар,
отаршылдыққа қарсы көтеріліс ту-
ралы тарихи өлеңдер алғаш рет
шығарылып тасталды. Бұларға деген
осы отызыншы жылдарда басталған
таптық көзқарас өз тәуелсіздігімізді
алғанға дейінгі ұзақ жылдар бойы
жалғасып келді. Алайда, М. Әуезов
пен Л. Соболевтің «Эпос и фольклор
казахского народа» атты мақаласы
«Қазақстанда ауыз әдебиетін зерттеу
жұмысын бұрынғыдан гөрі тереңдете
түсіп, жаңа биікке көтерілді», –
делініп бағаланып келді, бұл белгілі
бір дәрежеде шындық та еді.
Қазақ халық ауыз әдебиетінің
орта мектеп пен жоғары оқу орын-
дарына арналған оқулықтар мен
ғылыми мақалаларда белгілі бір
жүйеге түсіп классификациялануы,
әр жанрлардың жеке зерттеле баста-
уы, қазақ әдебиеттану ғылымында
фольклористика саласының оңаша
отау алуға ұмтылғанын көрсетеді.
Халық шығармашылығына байла-
нысты мақалалар мен жинақтарға
жазылған алғы сөздерде қазақ
фольклористикасының өзекті проб-
лемалық мәселелері терең сөз бол-
ғанын байқар едік. Осылардың ішінде
қазақтың эпостық жырлары, олар-
дың тарихи негізі, компо зи циялық
құрылысы мен көп нұс қа лығы жа-
йында жазылған мақалалар қысқаша
тоқтала кетуді талап етеді.
Эпостық жырлардың әдеби мұ ра
ретіндегі маңызы, көркемдік ерек-
шеліктері, халықтық сипаты не-
гізгі зерттеу нысаны болып, тари-
хилығы тұрғысынан келгенде қай
дәуірде пайда бола бастады деген
мәселеде айтыс туды. Мақалалар
мен оқулықтарда жеке жанр ретінде
қарала бастаса да Б. Кенжебаев өз
мақаласында батырлар жыры мен
халықтық жырларды (лиро-эпостық
жырлар) эпикалық жырлар ретіндегі
жанрлық ұқсастықтары мен идея-
лық, тақырыптық, композициялық
өзге шеліктерінің өзекті себептерін
ашып берді. Батырлар жырындағы
ел қорғау жолында көрінетін ер-
лер (Едіге, Қобыланды, Шора, Ал-
памыс) мен лиро-эпостық жырлар-
дағы сүйген жар үшін ерлік жасай-
тын (Қозы Көрпеш, Төлеген, Қам-
бар) бейнелеріне салыстыра отырып
талдау жасайды. Автор эпикалық
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У