Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й Ка рг у әож кбж



Pdf көрінісі
бет112/444
Дата03.10.2024
өлшемі3,59 Mb.
#146739
түріОқулық
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   444
Байланысты:
Okulik XX kazak adebiet

ІІ БӨЛІМ.
 
Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
сыр да туды, оған И. Грозныйдың 
«Қазан қаласын өзіне қаратып алуы 
себепші болды», – деген пікіріне бай-
ланысты М. Ғабдуллин мен Б. Кен -
жебаев өз көзқарастарын біл ді-
реді. Жырда кездесетін жер-су, қа ла 
аттарының белгілі бір тарихи дә уірдің 
белгісі бола бермейтінін, батырлар 
жырының сюжеті өмір шындығына, 
тарихи уақиға негізін де туғанмен 
жыршы-жыраулар та рихи фактілерді 
өз қалауына сай пай даланатынын 
сөз етеді. Авторлар жырдың қазақ 
фольклорындағы орны, сюжеттік-
композициялық, образдық, тіл көр-
кемдігі жайында сол кезеңдегі ғы-
лыми-зерттеушілік ой-пікір үшін тың 
топшылаулар жасайды.
«Едіге» жырын көп нұсқалығына 
орай салыстыра қарап, әр нұсқасына 
сай пайда болу кезеңін анықтау 
Б. Кенжебаев пен Қ. Жұмалиевтің 
мақалаларының басты мақсаты бол -
ған. Сол секілді жырдың құры лы-
сы мен тіліне, образдық сипатта-
рына барлау жасалған. Бірақ, бұл 
мақалалар әр жырды жеке қа рас-
тыруда алғашқы ізденістер, алғашқы 
қадамдар болғандықтан халықтық 
сипаттарын танытуда ғылыми те-
реңдігі әлі жетіспей жатты. Сонымен 
қатар, тексеріліп отырған жырдың 
мазмұнына көбірек көңіл аудары-
лып, айтылған пікірді дәлелдеу мақ-
сатында мазмұндап кету мен мысал 
ретіндегі үзінділердің мол келтірі-
луі осы мақалалардың көбіне ортақ 
кемшілік болды. Қазақ ауыз әдебиеті 
үлгілерінің ғылыми толық классси-
фикациясы жасалып жүйеленбеуі де 
осы мақалаларға өз әсерін тигізді.
С. Мұқанов «Батырлар» жы-
рына жазған «Батырлар жырының 
орны» атты алғы сөзінде эпикалық 
жырлар ды халық поэмалары деп 
атап, әдеп-ғұрыптан туған поэма-
лар, ерлік, батырлықтан туған жорық 
поэмалары, айтыс поэмалары деп 
үшке бөліп, батырлар жыры мен 
лиро-эпостық жырлардың жанрлық 
ерекшеліктері мен композициялық, 
сюжеттік ұқсастықтарын салыс тыра 
отырып, олардың халық шығар-
машылығындағы орнын анықтауға 
ұмтылады. Айтыстар туралы ешбір 
сөз қозғамай батырлар жыры мен 
тарихи жырларды тұтастыра қарас-
тырған. «Бекет батыр», «Исатай-Ма-
хамбет», «Сәтбек батыр», т.б. жырлар 
ауызға алынды. Алғы сөз авторы сол 
кездегі фольклористика ғылымына 
үш түрлі өзіндік ой-пікір қосты.
Біріншіден, эпикалық жырлар дың 
тәрбиелік мәні, яғни патриоттық, 
эстетикалық, адамгершілік тәрбие 
бе рудегі маңызына, жас ұрпақтың 
Ота нын, туған жерін, халқын сүюге 
тигізетін әсеріне көбірек көңіл аудар-
са, екіншіден, батырлар жыры қазақ 
елінің әлеуметтік өміріне сай тарихи 
төрт кезеңге байланысты туған ды-
ғын атап көрсете келіп, әрбір кезеңге 
жататын батырлар жырын топтас-
тырады. Үшіншіден, алғы сөзде және 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


129


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   444




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет