ІІ БӨЛІМ. Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
ғылымы өзінің туа бастағанын көр-
сетеді.
Қазақ әдебиеттану ғылымындағы
әдеби-теориялық, әдеби-тарихи, ғы-
лыми-зерттеушілік бағыттағы ой-пі-
кірлер осы жолдан өтті. Жоғарыдағы
проблемалық сұрақтарға өз қадір-
халінше жауап беруге талпынған,
қазақ әдебиетінің тарихын ғылыми
тұрғыда зерттеуді алғаш бастаған,
белгілі бір кезең ақындарын сөз ете
отырып сол дәуір әдебиетінің кескін-
келбетін анықтауды ниет еткен ал-
ғашқы ғылыми еңбек Ж. Аймауытов
пен М. Әуезов «Екеу» деген псев-
дониммен бірігіп жазған «Абайдан
соңғы ақындар» атты мақала еді.
Мақаланың басты мақсаты – қазақ
әдебиеті бар ма? (біздің ойымызша,
жазба әдебиет.
– Ж. С. ) бар болса
кімнен басталды, көрнекті ақындары
кімдер деген секілді сұраққа жауап
беру. Авторлар қазақ поэзиясының
көш басшысы деп Абайды атап, одан
басталған ағартушы-демократтық ба -
ғытты жалғастырушылар деп С. То -
райғыров, М. Сералин, С. Көбеев,
Ш. Құдайбердиев, А. Байтұрсынов,
М. Жұмабаевтарды алып, қысқаша
таныстырып өтеді. Шығармаларына
талдау жасалмағанымен, осы ақын-
дар шығармашылығындағы халық
мұңы мен заман келбетінің жырла-
нуына тоқталып, ағартушылық, ха-
лықшылдық идеяның басым бол-
ғанын тап басып айтады. Абайдан
соңғы дәуірдегі қазақ поэзиясындағы
өзіндік орны бар бұл ақындардың
бұлайша топтастырылып қаралуы –
сол кезеңдегі қазақтың ғылыми-зерт-
теушілік ой-пікірі үшін үлкен жаңа-
лық, қазақ әдебиетінің тарихын зерт-
теуге бастаған алғашқы қадамдар-
дың бірі деп бағалаған жөн. Себебі,
осы топтастыра қарап, пікір айтудың
негізінде әдебиет тарихын дәуірге
бөліп зерттеудің ғылыми бастамасы
жатыр.
«Екеудің» мақаласында ұлт әде-
биетінің ақын-жазушыларымен та-
ныс тыру мақсаты басым жатса,
С. Садуақасовтың әдебиет тари-
хын ғылыми тұрғыда тану мен дә-
уір ге бөлу нақты көрініс тапқан,
оған жүйелі түрде талдау жасауға
ұмтылған «Киргизская литерату-
ра» (историко-критический очерк)
деп аталатын мақаласының маңызы
зор. Әдеби-тарихи бағыттағы ой-
пікірінің салиқалығы мен байып ты
тұжырымдар жасауынан автор дың
қазақ әдебиетінің тарихын зерт-
теу ді арнайы мақсат етіп қой ға-
нын байқаймыз. С. Садуақасов бұл
та рихи-сын очеркінде қазақ әде-
биетінің кескін-келбетін таныту үшін
оны белгілі бір кезеңдерге бөле оты-
рып тексереді. «Қазақ әдебиеті» әліп-
темесінің мазмұнын шартты түрде
іштей былайша жіктеуге болады:
1. Әдебиеттің қазақ өміріндегі
орны.
2. Суырып-салма өнерінің (ауыз
әдебиеті) болмыс-бітімі.
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У