Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й Ка рг у әож кбж



Pdf көрінісі
бет132/444
Дата03.10.2024
өлшемі3,59 Mb.
#146739
түріОқулық
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   444
Байланысты:
Okulik XX kazak adebiet

ІІ БӨЛІМ.
 
Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
3. Жазба әдебиеттің қалыптасуы. 
4. Қазіргі (18-жылдардағы) әде-
биет. 
5. Қосымша: бүгінгі қазақ бас-
пасөзі туралы ақпар-дерек», – деп 
жазады Д. Қамзабекұлы. Бұған алып 
қосарымыз жоқ. Бұл – Р. Мәрсеков-
тің «Қазақ» газетіндегі «Қазақ әде-
биеті жайынан» (1914, №112) атты 
мақаласынан кейінгі қазақ әдебиеті 
тарихын дәуірге бөлуге жасалған 
екінші қадам. Сондықтан да зерт-
теуді ғасыр басындағы ғылыми-
зерт теушілік және сыншылдық ой-
пікірдің ізденістері барысында қол 
жеткізген табысының жинақтала бе-
рілуі десе де болады.
С. Садуақасов әдебиеттің бүкіл 
адамзат қоғамындағы алатын орнын 
айта келіп, оны тұрмыс-тіршілік, 
әдет-ғұрыппен сабақтастыра қарап, 
халық тарихы мен өмірді танытудағы 
маңызын ерекше атап өтеді. Әсіресе, 
ауыз әдебиеті туралы айтқанында 
оның ел есінде сақталуы мен тараты-
луын ғылыми негіздей келіп, жыршы-
жыраулық дәстүр мен суырып салып 
айту өнерінің қазақ арасында кең 
тарағанын, ауыз әдебиетінің ұлттық 
жазба әдебиеттің дамуына әсерін 
білімді әдебиетшіге тән көзқараста 
саралайды.
Р. Мәрсеков қазақ әдебиетін «жа-
зудың қазақ арасына көбірек тараған 
заманындағы әдебиет» және «Абай-
дан басталған жаңа әдебиет» деп 
бөлген болатын. С. Садуақасов жаз-
ба әдебиетті осы бөлудің екінші 
дәуірінен, яғни ХІХ ғасырдың екін-
ші жартысынан бергі әдебиет деп 
алып, оның негізін салушылар ретін-
де М. Ж. Көпеев пен А. Құнанбаевты 
атайды. Автор жазба әдебиет және 
қазіргі әдебиет дегенде екі арасы-
на жіктеу қоймаған. Оның басты 
себебі – жазба әдебиетті халықшыл 
бағыт және жаңашыл ағартушылық 
бағыт деп алып, ақын-жазушыларды 
осы бағыттарға орай топтастыруды 
мақсат тұтқандығынан. Халықшыл 
бағыттың ірге тасын қалаған ақын 
деп, М. Ж. Көпеевті Абайдан бірінші 
қоюы да сол себептен. Ағартушылық 
жаңа бағытты түсіндіру үшін Абай 
өлеңдерінің мазмұны мен жырлаған 
тақырыптарына барып, қазақ поэзи-
ясын дамытудағы еңбегін атап өтеді. 
«Қазақ ақындарының ішінде өлең-
нің жоғарғы деңгейдегі көркемдігі 
жөнінен Абайға пара-пар келетін 
ешкім жоқ», – деп жазады. Бірақ, автор 
ХХ ғасыр басына дейінгі әдебиеттен 
осы екеуінен басқа ешкімді де ата-
майды. Басқаларын былай қойғанда 
кітаптары жиі шыққан Дулат, Шор-
танбай, Ы. Алтынсарин, С. Көбеев, 
Ш. Бөкеев, М. Сералиндердің атау-
сыз қалуы түсініксіз.
Ғасыр басындағы жазба әде-
биетті сөз етуде «Қазақ» пен «Ай-
қаптың» осы екі бағытты дамы-
тудағы үлесіне тоқтала келіп, түп-
кілікті мақсаттары ұлт әдебиетін 
өр кендетуде екеніне көңіл аударады. 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


149


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   444




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет