ІІ БӨЛІМ. Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
даған «қазақта төңкеріске дейін тап
болған жоқ, сондықтан өткендегі
мұраның жақсы-жаманы жоқ» де-
ген ұғым орын алды. Лекция мен
бұл мақалалар әдебиет тарихын ғы-
лымдық тұрғыдан зерттеудегі жа-
ңаша сипаттағы талпыныстардың
бірі еді. Бұл пікірталас ғасыр ба-
сынан келе жатқан ғылыми-зерт-
теушілік ой-пікір мен маркстік-ле-
ниндік ілімнің әдебиеттің тапты ғы,
партиялығы, халықтығы туралы
қа ғидалары арасындағы күрестің
ал ғашқы қақтығысы болатын. Сон-
дықтан да аласапыран кезең болса
да, әдебиеттің тарихи курсын жа сау
мәселесінің
ғылыми-зерттеушілік
ой-пікірде көрініс табуы, ұлттық
әдебиеттану ғылымының туу дәуі-
ріне қадам басып, тың ізденістер
жасай бастағанын дәлелдейді. Оған
кеңес өкіметінің халық арасындағы
сауатсыздықты жою, ол үшін мек-
тептер ашып, оқу құралдарымен
қамтамасыз ету саясатының көмегі
тимей қалмады.
1920 жылдары халық арасын-
дағы сауатсыздықты жою саясатын
қазақ зиялылары қызу қолдады. Бұл
жолдағы алғашқы қадам бастауыш
дәрежесіндегі мектептерге түрлі
әліппе, сауат ашқыш құралдар жасау-
дан басталды. А. Байтұрсыновтың
«Әліпби» (1921), «Оқу құралы»
(1921), «Әліпби. Жаңа құрал» (1926),
«Тіл құралы» (1920), Т. Шонанұлы-
мен бірігіп жазған «Оқу құралы»
(1927), М. Жұмабаевтың 1930 жылға
дейін жеті рет басылып шыққан «Са-
уатты бол» (1923), Ж. Аймауытовтың
«Жаңа ауыл» (1929) атты оқулықтары
мен тағы басқалардың оқулық, хре-
стоматиялары ұлттық әдебиеттің
мектепке жеке пән ретінде жүре бас-
тауына жетекші ықпал жасады. Басқа
пәндерден де оқу құралдар жазу қолға
алынды. Әйтсе де педагогикалық
техникумдер мен училищелерде, ха-
лық ағарту институттарында әдебиет
тарихын оқыту қажеттілігі айқын
сезіле бастады. Осы қажеттілік оқу-
ағарту, әдебиет саласында жүрген
ұлт зиялыларының алдына қазақ әде-
биетінің тарихын зерттеу міндетін
қойды.
Әдебиет оқулығын жасау, оның
тарихын зерттеуде осы жоғарғы бас-
қыштағы мектептер мен оқу орында-
рына қазақ әдебиетінің арнайы түрде
оқытылуын қажет еткен уақыт, дәуір
талабына үн қосқан М. Әуезов бол-
ды. 1924 жылы Семей қаласын дағы
қазақша педагогикалық техни кумге
әдебиет тарихынан лекция оқи-
тын оқытушы іздеген кезде, Семей
губерниялық атқару комитеті Ленин-
град университетінде оқуда жүрген
М. Әуезовті шақыртады. «Әуезов
қазақ әдебиетіне қызығуы мен осы
саладағы өз бетінше жүргізген зерт-
теулері арқылы техникумде қазақ
әдебиетін оқытатын бірден-бір кан-
дидатура болып табылады» деп атап
көрсетілуіне қарағанда, сол кездің
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У