ІІ БӨЛІМ. Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
«Зар заман» деген кезеңдерге жіктей
отырып, Абайға дейінгі ақын-жырау-
ларды жатқызған.
1930 жылдардың соңында мек-
теп пен оқу орындарын тұрақты
оқу құралымен қамтамасыз ету, әде-
биетті оқытуды тарихи-әдебиет тік
курс принципінде жүргізу мәсе-
лелері көтеріліп, Қазақ ССР Оқу
комиссариаты 1941 жылы респуб-
ли калық мұғалімдер съезінде қазақ
әдебиетінің тарихын дәуірлеу ар-
найы талқыланбақ болмақ еді. Б. Кен -
жебаевтың осы съезде «Қазақ әде-
биетін дәуірлеу мәселелері тура-
лы» тақырыбындағы баяндама сы-
ның негізгі түйіні «Социалистік
Қа зақстанда» жарияланып, толық
нұс қасы сәл кейінірек жарық көрді.
Автор мақалалар мен оқу құрал-
дарындағы дәуірге бөлуде жасалған
алғашқы үлгілерді нақтылай келіп,
қазақ әдебиетінің тарихи даму жолын
ғылыми негізде жүйелеудің тың жо-
лын ұсынады [58].
І. Қазақ хандығы тұсындағы әде-
биет, яғни, XV ғасырдың ортасы-
нан бастап ХVІІІ ғасырдың соңына
дейінгі әдебиет.
ІІ. ХІХ ғасырдың алғашқы жарты-
сындағы әдебиет.
ІІІ. ХІХ ғасырдың екінші жарты-
сындағы әдебиет.
ІV. ХХ ғасырдың алғашқы 20-жы-
лындағы әдебиет.
V. Совет әдебиеті.
Қазақ әдебиетін дәуірге бөлу
проб лемасының ғылыми-зертеу ші-
лік сипатта қарастырылып, жоғары-
дағыдай дәрежеде шешілуі қазақ
әдебиеттануының туу дәуірі үшін аз
табыс емес екені анық.
Сонымен, осы тараудағы Ұлы Отан
соғысына дейінгі оқу құралдары мен
оқулықтарды қарастырғанда, қазақ
әдебиеті тарихының мектептік курсы
жасалып, әдебиеттану ғылымы туып,
өркен жайды деген тұжырымды қо-
рытындыға келеміз. Мектепті оқу-
лықпен қамтамасыз ету, оған жүйе лі
курс жасап беру тек мәдени-әлеу-
меттік тұрғыдан ғана емес, ғылыми-
педагогикалық жағынан да айрықша
атап өтетін және қазақ әдебиеттану
ғылымының туып, енді қалыптасу
кезеңінің басталғанын танытатын
социологиялық, эстетикалық мәнді
құбылыс болды.
Қазақ әдебиетінің тарихын дә-
уірлеу проблемасы 1930 жылдар дағы
мектепті әдебиеттік оқу құралымен
қамтамасыз ету ісі арқылы ғылы-
ми негізге қойылды. Оның алғашқы
оқулықтан бастап қалай жіктелгені,
бірте-бірте қалай нақтыланғанына
осы тараудағы оқулықтарды сөз ет-
кенде келтірілген деректер айқын
дәлел. Әдебиет тарихын дәуірлеу
мәселесі әдебиет тарихын жасаудағы
ең негізгі проблеманың бірі бол-
са, оны қазақ әдебиеттану ғылымы
өзінің туу кезеңінің өзінде біршама
дұрыс шешіп алды. Бұл дұрыс шешіп
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У