Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й Ка рг у әож кбж



Pdf көрінісі
бет194/444
Дата03.10.2024
өлшемі3,59 Mb.
#146739
түріОқулық
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   444
Байланысты:
Okulik XX kazak adebiet

ІІ БӨЛІМ.
 
Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
«демократияшыл әдебиеттің көр-
некті өкілдері – С. Торайғыров, 
С. Көбеев, С. Дөнентаев, Ә. Ғалымов, 
Б. Өтетілеуов, М. Ж. Көпеев, т.б. Бұл 
ақын-жазушылар заманға, халық тағ-
дырына байланысты әлеуметтік мә-
селелерде өздерінің көзқарастарын 
өте ашық айтады. Бұлар мұңға бату, 
жалтақтау дегенді білмейді», – деген 
пікірдің ғылыми нақты айтылғанын 
дәлелдеп жатудың қажеттігі шамалы.
Осы кездегі ғылыми-зерттеушілік 
ой-пікірдің әдебиет тарихын тануға 
деген жаңаша көзқарасының әсері 
Е. Ысмайылов еңбегінен байқалады. 
Ол өзі сыншыл реализмнің өкілі деп 
таныған Н. Орманбетовтің, Ғ. Қа-
ра шевтың, Н. Наушабаевтың, демо-
кратияшыл әдебиеттің ең көрнекті 
өкілі деп тапқан М. Ж. Көпеевтің 
шығармашылығының ерекшелігін ба-
рынша ашып көрсетуге ұмтылдырып, 
бірақ бәрін де бүкіл халық қамқоры 
етіп баяндауға жетелеген. Оқулықта 
ұлттық әдебиеттану ғылымының енді 
ғана туған кезеңіне тән олқылықтарды 
айтқан уақытта, автордың ғылыми-
эстетикалық талдауларының жүйелі 
екенін, өз ой-пікірін дәлелдеп айта 
алатындығын, қазақ әдебиеттануы 
мен сынының өкілдері ғылыми па-
расат таныта бастағанын байқамасқа 
еш болмайды.
Оқулықтың үшінші бөлімі – ха-
лық шығармашылығының ерек-
ше танылған шағын ұтымды әңгі-
мелейді. «1916 жылғы көтеріліс 
және халық поэзиясы» деген мәнді 
тарауда ұлт-азаттық күрестің ішкі 
себептеріне, Аманкелді образының 
жасалу жолдарына, «Бекболат» поэ-
ма сының ерекшеліктеріне, халық 
поэ зиясының түрлеріне айрықша на-
зар аудара келіп, «1916 жылғы халық 
көтерілісінің поэзиясы ХХ ғасыр-
дағы революция алдындағы дәуірде 
революцияшыл поэзияны тудырып, 
жаңа туашақ қазақ совет әдебиетіне 
ұштасқанын» орынды атап көрсетеді.
Оқулықтың төртінші бөлімінде 
қазақ әдебиеттану ғылымында тұң-
ғыш рет кітаби ақындар шығарма-
шылығына көңіл бөлініп, Жүсіпбек 
Шайхисламов шығарған «Мұңлық-
Зарлық» дастанына көлемді талдау 
жасалады. Бірақ, бұл бастама кейінгі 
уақытта қолдау таппай қалғанын, жал-
пы әдебиет тарихынан өзіне лайықты 
орын ала алмай, оның көп өкілдері 
арнайы зерттелмей келе жатқанын 
айтып өткен жөн. «Қазақ әдебиетінің 
тарихы» көп томдығындағы «Қазақ 
әдебиетінің шығыс әдебиетімен бай-
ланысы» деген тарау бұл саладағы 
міндет-парыздың бәрін түгел атқара 
алмасы анық.
Қорыта айтқанда, Е. Ысмайылов-
тың бұл оқулығы бірқыдыру кем-
шілігіне қарамастан, ХХ ғасырдың 
бас кезіндегі қазақ әдебие тінің жай 
күйін, даму барысын, дарынды өкіл-
дерінің шығармаларын танып-бі луге 
және ғылыми тұрғыда зерттеуге кең 
жол салып берген еңбек болды.
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


212


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   444




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет