ІІ БӨЛІМ. Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
шарықтаған аэропланды жырла ған-
ша, қазақтың қара лашық үйін, жер
ошағын, майсыз арбасын, бақы рауық
түйесін жырлаған жақсы» деген та-
лап қояды [61]. Бір жақты айтылғаны-
мен автордың әдебиеттің халық өмі рі
мен мүддесін жырлауы қажеттігін
теориядағы халықтық ұғымына сай
түсіндіруге ұмтылғаны мақаладан
анық сезіледі.
Қошке мен «Тікенді» толғандыр-
ған ұлт әдебиетінің ұран мен үгітке
ауысқан көркемдік деңгейі Ж. Ай-
ма уытовты да бей-жай қалдыр-
мады. Өзінің «Көркем әдебиетті
саралау» атты мақаласын жазып,
төңкерісшілдердің пролетариат әде-
биетін жасаймыз деген дау рық пасын
сынап, оларға әдеби-теориялық
тұр ғыда баға береді. Ұлт әдебие ті-
нің келешектегі дамуы үшін жаны
қиналған Жүсіпбек: «Төңкерістен
кейін қазақ өлеңшілері, жазушы-
лары көркем сөздің не екенін біл-
мегендіктен, әйтпесе өнері жетпе ген-
діктен не болса соны баспаға түсіріп,
көркем әдебиеттің құнын түсіріп ба-
рады. Төңкерістің алғашқы екпінінде
айғай сөз, үгіт жарастықты еді. Сән
болып еді. Төңкеріс сабасына түскен
заманда алғашқы айғаймен жүре беру
келіспейтін кінәратты нәрсе. Дәмсіз,
кенеусіз сөзбен қандай әдебиет болса
да туғыза алмаймыз», – деп жазады.
Автордың «көркем сөздің не екенін
білмегендік пен өнері жетпегендікі»
атап көрсетуінде мән бар. Шынын-
да да, төңкерісшілдердің әдеби-тео-
риялық білімі мен ақындық талант-
тылықтың кемдігі, «бесікте жатқанда
да тап деп жатқанын» жырлаған тап
деген тар тақырыптың аясынан шы-
ға алмай қалуына басты себептер -
дің бірі болғаны белгілі. Бұл келті-
ріл ген мысалдар 1920 жылдардағы
әдеби-теориялық ой-пікірдің қазақ
поэзиясының сол кездегі көркемдік
деңгейі мен келешегін арнайы проб -
лема етіп көтере отырып, оны әде-
биеттің халық өмірі мен сабақтас-
тығы, тақырып және идея, сөз өне-
рінің эстетикалық мұраты секілді
теориялық ұғымдармен тығыз байла-
ныстылықта қарастырғанына куә бо-
ламыз.
Сөз бостандығы болып, не айта-
мын десе соны емін-еркін баспасөз
бе тіне шығаруға еріктілік берілген
осы 1920 жылдарда қазақ әдебиеті
сыны мен әдебиеттануында «бұқара-
шыл дық әдебиет» деген жаңа термин
қалыптасты. Орыс әдебиеттануын-
да бұл термин болған жоқ және оны
«Леф», «Кузница», ОПОЯЗ т.б. са-
лыстырмау керек. Теориялық тұрғы-
дан келсек, бұл өте кең ұғым және
кеңестік идеологияға мойынұсына
қоймаған, ғасырларға созылған тари-
хы бар ұлттық әдебиеттің халықтан
ажырамаған дәстүрлі жолының күш-
пен тұншықтырылған жалғасы. Егер
кейінгі ұрпақ 1920 жылдардағы әде-
биетті іштей жіктеп жататын болса,
«бұқарашылдық бағыттағы әдебиет»
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У