ІІ БӨЛІМ. Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
тосқауыл қоюды жоспарлаған бо-
луы керек. Ол үшін қазақ қаламгер-
лерін бір бағытта жұмыс жасауға
жұмылдыруды басты мақсат санаған.
«Ұлт әдебиетінің өткен кезеңдерін
сөз ете келіп:...қысқасы, қазақтың
күні кешегісі, бұл күнгісі – бәрі де
айтарлықтай суретке түскен. Осылар
түспей өз әдебиетіміз бола алмақ емес.
Сондықтан жас әдебиетіміздің осы
күнгі мойнындағы жауапты міндеті –
қай жаққа болса да бір езу болмау. Бұл
бір бағытты болмау деген сөз емес.
Бағыттың аты – бағыт, бір езудің аты
бір езу», – деп жазады. Осындағы бір
бағытты болу деген ой бағдарламада
бұқарашылдық ұғымына сай көрініс
тапқан. Бұқарашылдық әдебиет де-
ген түсініктеменің «Алқаға» байла-
нысты туды деп отырғанымыз сон-
дықтан. Өйткені, «саяси ұйым» ре-
тінде ресми сыналып, басты идеясы
тапшылдық көзқараста бұрмалана тү-
сіндірілгенімен «Алқа», оны жасау-
шылар бірден қудаланбады. ҚазАПП-
қа оппозиция ретінде өмір сүріп,
ақын-жазушылар арасына кеңінен та-
рады. Бұқарашылдық әдебиет атауы
әдеби сын мен теориялық ой-пікірде
кеңінен қолдануы сол себептен де
еді. Қайта оралған арыстарымыз-
ды «ұлтшыл-байшыл», «ұлтшыл-
алашордашыл» атанғандар деуден
көрі «алашшылдар» деп атауға ұсы-
ныс та бар. Біздің ойымызша, олар-
ды «бұқарашылдар» деп атаған дұ-
рыс секілді. Сонда олар 1920 жыл-
дағы әдебиетте бұқарашылдық ба-
ғыттың өкілдері болып табылады
да, төңкерісшілдік бағыттағыларға
қарсы тарихи тұлғасы ашыла түседі.
Сөз орайы келгенде айта кететін бір
мәселе – ұйымның «Алқа» аталу
сыры. «Алқа» бағдарламасын жа-
саушылар бұл атауды әшекейлік бұ-
йым мағынасында алмаған. Ресей-
де құрылған әр түрлі әдеби топтар
мен ұйымдар өз атауларын белгілі
бір бағыт пен мақсатқа орайласты-
ра атаған. Мысалы «Леф» (Левый
фронт), «ОПОЯЗ» (общество из-
учения поэтического языка), «Пере-
вал», «Кузница», «На литературном
посту», «Серапионовы братья»,
ВАПП, РАПП және т.б. Осылар
секілді «Алқа» ұйымын құрушылар
да бұқарашылдық бағытқа орай оның
атын жайдан-жай қоя салуы мүмкін
емес. Біздің ойымызша, «Алқа» –
«Алашшыл қазақ ақындары» ма,
әлде «Алаш қаламгері» ме, бол-
маса «Алаш қазақтарының адаби-
аты» (ол кезде әдебиет осылайша
аталған) ма, әйтеуір осы тақылеттес
мағынаны білдіретін сөздердің қыс-
қартыла алынған атауы болуы керек.
Әрине, архив ақтарып нақты дерек-
термен дәлелдеу қажет. Біз ой салу
үшін өз ұсынысымызды жобамен
осылай болуы керек-ау деп айтып
отырмыз. Негізінде, 1920 жылдар-
да Ресейде болған әр түрлі әдеби
топтар мен ұйымдар әдеби ағым,
көркемдік әдіске орай символизмге,
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У