І БӨЛІМ. Әдеби мұраны зерттеудің негізгі арналары
ой-пікір айтарлықтай нәти жеге қол
жеткізгенін байқауға болады. Оны
анықтау үшін әдебиет тари хына,
оның көрнекті өкілдерінің шығарма-
шылығына қатысты жинау-жария-
лау, зерттеу саласындағы еңбектер-
ді ұлттық әдебиеттану ғылымын
тудыруға тигізетін ықпалына орай
бірнешеге бөліп, қандай бағыттар-
да жүргізілгенін білудің мәні зор.
Бұл біріншіден, әдебиет тарихын
зерттеудің арғы бастауларының қай-
дан өріс алғандығын танытса, екін-
шіден, ұлттық әдебиеттану ғылымы
туу дәуіріне классикалық мұраны
игеру барысында қандай дайын дық-
пен келгендігін дәлелдейді. Біздің
ойымызша, классикалық мұраны иге-
руде ғылыми-зерттеушілік ой-пікір
үш түрлі бағытта танылды.
1. Ғылыми бағалаушылық мәні ба-
сым зерттеушілік ой-пікірлер.
2. Әдеби мұраны жинап-жариялау,
бастырып шығарудағы ізденістер.
3. Ғұмырнамалық сипаттағы зерт-
теу лер (биографизм).
Фольклорлық аңыз, әпсана, хикаят,
тарихи жылнамалар мен шежіре-
лерде бірлі-жарым болса да әдебиет
өкілдерінің аталуы, халық ауызында
авторы белгілі ән-өлең, жыр-тол-
ғаулардың жүруі бағалаушылық мән-
дегі ой-пікірдің оянуына себеп бол-
ды, олар туралы қызығушылықты,
өнер паздық тұлғасын танытуға де ген
ізденісті туғызды. Бұл келіп олар-
дың халық тарихындағы, әдебиет пен
мәдениетіндегі орны қандай деген
бағыттағы түсіндірмелік зерттеулер
жасауға әкелді. Ең маңыздысы бұл –
бағыттағы ізденістер қазақ халқының
фольклордан бөлек әдебиеті бар екені
туралы танымдық мәні бар ұғым
тудырды. Рас, бұл бағыттағы ғылыми-
зерттеушілік ой-пікірдің фольклор
мен әдебиеттің айырмасын анықтау-
ға өресі жете бермеді. Оған әлі ерте
де еді. Сондықтан фольклор мен әде-
биет тарихының мәселелері араласа
жүрді. Бұл бағыттағы мақалалар да
тарихи-этнографиялық сипаттың ба -
сым болуы және сыншылдық-эсте-
тикалық ой-пікір мен ғылыми-зерт-
теу шілік көзқарастың қатар жүруі де
сондықтан. Алайда, қазақ әдебиеті
тарихының көрнекті өкілдері сөз
болуы барысында олар туралы ғы-
лыми бағалаушылық мәндегі ой-
пікір айтылмай қалмады. Әдебиет та-
рихының нақты зерттеу нысанасына
айналмауынан бұл бағыттағы ой-
пікір жалпыламалық мәннен аса
алмады. Бұл турасында орыс ғылымы
Л. М. Крупчанов: «Однако в истории
культурно-исторической школы был
период неосознанных, стихийных
тенденций, когда преобладала лите-
ратуроведическая практика. Эта прак-
тика наметилась еще в трудах пи -
сателей и ученых XVІІІ века и ха-
рак теризовалась двумя моментами.
Преж де всего – это был интерес к древ-
нему периоду отечественной поэ-
зии... Второй момент – интерес к на-
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У