І БӨЛІМ. Әдеби мұраны зерттеудің негізгі арналары
Егер де орыс ғалымдардың Шоқан-
ды шығыстанушы ғалым ретіндегі
бағалаған пікірлері сәл кейінірек
айтылғанын еске алсақ, мақала шо-
қантану саласының тұңғыш ізаша-
ры деп ойлау керек. Сонымен қатар,
оны тек шоқантануда ғана емес, ұлт-
тық әдебиеттану ғылымының клас-
сикалық мұраны ғұмырнамалық ба-
ғытта тексерудің алғашқы соқпағын
салған еңбек деп те бағалауымыз
қажет.
Бұл мақалаға қарағанда Шоқан
өмірбаянын толық және жүйелі түрде
бере алған зерттеу «Дала уалаяты ның
газетінде» «Ш. Ш. Уәлиханов» де ген
атаумен жарияланды. Мақала ұлы ға-
л ымның туғанына 60 жыл толуына
байланысты жазылғандықтан өмір-
баянына қатысты деректер түгелге
жуық қамтылған десе де болады.
Шо қанның туған жері мен оқуы ту-
ралы қысқаша таныстыра келіп, орыс
ғалымдарымен, әсіресе, П. П. Се-
ме нов-Тянь-Шанскиймен танысқан
соң шығыстану ғылымына келуіне,
қа зақ даласын зерттеу ісіне белсене
араласуына басты себеп болғанына
тоқталып өтеді. Саяхатшы ғалым
ретінде Жоңғарияға, Ыстықкөлге,
Құл жаға, Қашқарияға барған сапар-
ла рындағы зерттеулерін орыс ға-
лым дары жоғары бағалағанын, шы-
ғыстану ғылымы үшін орасан зор
үлес болып қосылғанын айта отырып,
ғалымдық тұлғасын танытуға ерекше
ден қояды. Мысалы, Қашқарияны
зерттеу жолында өлтірілген А. Шла-
гинвейт пен М. Полодан басқа еш-
кім бұл өлкені зерттеу ісіне тәуекел
ете алмағанына тоқтала келіп: «Сол
заманда мұндай жайларға бар мақ-
тың өзін таңғажайып ертегі деп бі-
луші еді», – деп жазады. Сол се-
кілді Петербургтегі өмірі, ғылыми-
білімді молынан игеру жолындағы
ізденгіштігі, ыждағаттылығы, уни-
вер ситеттерден өз еркімен барып
дә ріс тыңдап тұрғандығы сол кезде
жоғары бағаланып, «Ресей бұл пара-
сатты қазақтың жиһатына жаны
ашып, ықылас қойып, тәрбиелеп ба-
сып шығарып отырғанына» ерекше
көңіл аударады. Шоқан еңбектерінің
басты сипаты «бұрынғы өткен ха-
бар ларды жазатұғын ғылымға һәм
халықтардың мінез-ғадеттерін баян
ететін ғылымға» (тарих пен этногра-
фия. Ж.С.) арналғанын айтып, өмі-
рінің қысқа болғанына өкініш біл-
діреді де, бұл секілді еңбектер әр
түрлі ғылымды меңгерген адамның
қолынан ғана келеді деген тұжырым
жасайды. Бұдан Шоқанның энци-
клопедист-ғалым ретіндегі тұлғасын
бағалау анық көрініп тұр. Газеттен
бұл мақаланы басу арқылы Шоқан
салған жолды, оның ғылымдағы ісін
және қазақ халқына жасаған қызметін
басқа оқыған азаматтарға үлгі-өнеге
етуге деген идеясы анық танылады.
Ұлт әдебиетіндегі көрнекті тұл-
ға ларды ғұмырнамалық бағытта
зерт теуде осы газетте жарияланған
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У