ІІІ БӨЛІМ. Қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасу жолдары
жүріп отырғанын көрер едік. Бұны
айтқан уақытта 1940-1955 жылдар
аралығындағы қазақ библиография-
сында орны елеулі екі еңбекті ерек-
ше атаған орынды. Олар қазақ би-
блиографиясында
ретроспективті
та қырыптық, ғылыми-зерттеушілік
жұ мыстарға көмегі тиетін көрсет кіш-
терге тән негізгі сипаттарды толық
көр сетуімен құнды еді. Алғашқы сы –
В. М. Сидельниковтің 1951 жылғы
халық ауыз әдебиетіне арналған орыс
тіліндегі еңбегі. Онда қазақ фолькло-
рына байланысты 1771-1916 жыл-
дар аралығындағы барлық материал
қамтылған. Жарияланған және жа-
рық көрген фольклорлық үлгілер мен
зерттеу еңбектер енгізіліп, бұрынғы
көрсеткіштерде қамтыла қоймаған
тың деректермен толықтырылып
шықты. Негізінен орыс тілінде жа-
рияланған басылымдар бойынша
жұмыс жасау басты назарда болып,
қазақ тілінде жарияланған бірталай
материалдар енгізілмей қалғанымен,
бұл еңбек фольклортану саласындағы
да ғылыми ой-пікірлерді бір арнаға
жүйелеп, библиографиялық тұрғы-
да нақтылап берді. Ал келесісі –
Ғ. Әбетовтің «Қазақ совет әдебие-
тінің библиографиялық көрсеткі ші»
(1956) аталатын қазақша-орысша
шыққан еңбегі. Бұл кеңес дәуіріндегі
әдебиет туралы қырқыншы жылдар-
да әр түрлі сипатта және мазмұнда
шыққан көрсеткіштердің барлығын
ғылыми тұрғыда саралай отырып,
толықтырған көрсеткіш болды. Онда
ақын-жазушылардың 1917-1946 жыл-
дар аралығындағы басылған идеоло-
гиялық саясатқа қарсы келмейтін
көркем шығармалары және олар ту-
ралы сын мақалалар, ғылыми ең-
бектер енгізілген. Көрсеткіштің
таза әдебиет мәселесіне арналмай
марк сизм-ленинизм классиктерінің
еңбектері, партиялық құжаттар мен
қаулы-қарарлардың орын алуын
сол кездегі заман талабы деп ұғар
болсақ, бұл көрсеткіш те қазақ биб-
лиог ра фиясының алға басқан сәтті
табысы дер. Қазақ библографиясы
мен текстологиясы жайында бұл
айтылғандардан шығар қорытынды:
ұлттық әдебиеттану ғылымы өзінің
даму жолын бастаған кезеңінде бұл
салаларында да көңіл аударарлықтай
ізденістер жасап, келешекте туатын
сүбелі еңбектердің іргетасын қалап
жатқанын көреміз.
Қалыптасу жолын бастаған жыл-
дардың өзінде-ақ осылайша, әр са-
ладағы тақырыптарға батыл барлау
жасап жатқан ұлттық әдебиеттану
1920-1930 жылдардағы әдебиеті де
назардан тыс қалдыра қойған жоқ.
Ғылыми зерттеушілік мақсатта аз-
ды-көпті сөз болған С. Мұқанов пен
М. Әуезов болды. Бірақ ғылыми-
зерттеушілік ой-пікір оларды арнайы
мақсатта тексеруге ұмтылды деп кесіп
айту қиын. Өйткені, М. Әуезов тура-
лы жазылған мақалалар «Абай жо-
лы» эпопеясына байланысты жазушы
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У