Деректерге статистикалық талдау жасау барысында абсолютті, салыстырмалы немесе орта шама ретінде берілген сандық деректермен жұмыс істеу қажеттілігі туындайды.
Абсолютті шама нысандар санын (мысалы, пациенттер, дәрігерге қаралу, төсек-күн, эритроциттер) немесе көрсеткіштің шамасын (мысалы, дене массасы, бой ұзындығы, жүрек жиырылу жиілігі, систолалық артериялық қысым) өлшеу нәтижесін көрсететін сандық көрсеткіш болып табылады.
Абсолюттік шаманың атауы, өлшеу бірлігі бар, бүтін немесе бөлшек сан болуы мүмкін, теріс мәнге ие болуы мүмкін (егер біз құбылыстың теріс динамикасы жөнінде айтар болсақ; мысалы, емдеу нәтижесінде дене температурасының 2 градусқа төмендеуі -2 түрінде берілуі мүмкін).
Абсолюттік шамалар қосу және азайту сияқты арифметикалық амалдарды қолдану барысында пайда болады.
Абсолюттік шамалардың мысалдары:
Ауруханада 120 дәрігержұмыс істейді.
Ауруды емдеу ұзақтығы 5 күнге созылды.
Пациенттің тыныстық қозғалысы минутына 16 –ға тең.
Интенсивті көрсеткіштер – ортада құбылыстың пайда болу жиілігін көрсетеді.
Орта ретінде, әдетте бір бөлігінде қандай да бір құбылыс болатын қандай да бір нысандар жиынтығы алынады (тұрғындар, пациенттер, жағдайлар).
И.к. = құбылыс/орта*коэффициент.
Коэффициент көрсеткішті беру (немесе салыстыру) ыңғайлы болу үшін қолданылады, 10 санының әртүрлі дәрежелері ретінде беріледі және әдетте 100, 1000, 10 000, 100 000 мәндерін қабылдайды.
Оның шамасы құбылыстың кездесу жиілігіне тәуелді: неғұрлым сирек кездессе, соғұрлым үлкен коэффициент.
Туу, өлім-жітімділік , тұрғындардың жалпы ауру-сырқаулық көрсеткіштері әдетте 1000 адамға шаққанда есептеледі.