Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й Ка рг у әож кбж



Pdf көрінісі
бет286/444
Дата03.10.2024
өлшемі3,59 Mb.
#146739
түріОқулық
1   ...   282   283   284   285   286   287   288   289   ...   444
Байланысты:
Okulik XX kazak adebiet

ІІІ БӨЛІМ. 
Қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасу жолдары
соққының нысанасына айналды. ХІХ 
ғасыр әдебиетінен ұлы ағартушы лар 
шығармашылығындағы, олардың із-
басары ретінде ХХ ғасыр басында-
ғы ағартушы-демократ деп бағалана 
бастаған кейбір ақын-жазушылар-
дың дүниетанымдық көзқарасында-
ғы қай шылықтарды таптық тұрғы-
дан ашу жетіспей жатқанына шұғыл 
көңіл аударылды. 1951 жылы «Ле-
нин шіл жаста» жарияланған С. Нұ-
ры шев тың «Абай ақындығының 
алғашқы кезеңі»мақаласы ғылыми-
зерттеушілік ой-пікірдің әдебиеттің 
таптығы, халықтығы қағидасының 
талаптарына сай болса да жасап 
жатқан зерттеулерін «тұрпайы соци-
ологизм» теориясы мен нигилистік 
көзқараста жоққа шығаруға жол ашып 
берді. Мақала Абайдың ақындық 
тұлғасының қалыптасуындағы шы-
ғыс әдебиетінің әсеріне күмәнмен 
қарап, 1880 жылға дейінгі жазған 
шығармаларынан 
панисламизмді, 
реак цияшыл керітартпалықты ашу 
керек деген қатерлі бағыт ұстады. 
Бұл аяқ асты пайда бола қойған жоқ 
еді. Өйткені, Қазақстан тарихының 
кез келген мәселесін орыс халқымен, 
оның өнері мен әдебиетімен бай-
ланыстылықта қарау тенденция-
сы орын алып келе жатқан бола-
тын. 1947 жылғы қаулыда сына-
лып, әдебиет тарихынан сызылып 
қалған дарындар туралы айыпқа 
амалсыз келіскен ұлттық ғылыми-
зерттеушілік ой-пікір «тұрпайы 
социологизмді» арқау тұтқан негізсіз 
жаладан ұлы Абайды, абайтану 
саласындағы жаңа ізденістерді қор-
ғап қалуға ұмтылды. М. Әуезов бас 
болып бірнеше мақалалар жария-
лады. Бірақ ғылым саласындағы 
кеңестік идеология қырағылық та-
нытып, абайтанудағы бұрын-соңды 
ұлтшылдықтың белгісі болып та-
нылатын кемшілікті тізбелей келе, 
Ә. Жиреншиннің «Абай және оның 
орыс достары» атты диссертациясы 
мен кітабына, Қ. Мұқаметхановтың 
«Абайдың әдеби мектебі туралы» 
аталатын тақырыптағы диссерта-
ция қорғауына байланысты үлкен 
айтыс-тартыс өзегіне айналдырып 
жіберді. М. Әуезовтің «Абай жолы» 
эпопеясының кеңестік дәуірдегі 
қазақ әдебиетінің зор табысы деп 
бағаланып жатқанына қарамастан, 
Абай мұрасын зерттеудегі бұрмалау-
шылықты әшкерелеу, «ұлтшыл-бур-
жуазияшылдық» пиғылды тал қандау 
ісі қолға алынды. Мұның бір шеті 
«Абай жолына» да тимей қалған жоқ 
емес. Әдебиеттің таптығы қағидасын 
арқау тұтып сыңар жақтыққа басқан 
әдеби сын шығармадағы «үстем 
тап өкілдері саналатын тұлғалар-
д ың сомдалуынан» кемшілік таба 
бастады. Идеологиялық саясаттың 
қол шоқпарына айналған сын мен 
«тұр пайы социологизмге» бой ұрған 
зерт теушілік сипаттағы мақалалар ды 
Абай өмірі мен шығармашылы ғын 
зерттеудегі өрескел саяси қателіктер 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


305


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   282   283   284   285   286   287   288   289   ...   444




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет