ІІІ БӨЛІМ. Қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасу жолдары
жылдар бойы зерттеу нысанасынан
тыс қалуға апарып соқтырды. Ай-
тыстан соңғы жылдарда ол солақай
сынға таптырмас тақырып болса,
Шәкәрім, Нарманбет, М.Ж.Көпеев
мұраларына байланысты соңғы кез-
ге дейін орын алып келгені тарихи
шындық.
Айтыста Абай мұрасын зерттеу-
дің «идеялық-теориялық жағынан
тө мен дәрежеде қалып отырғаны,
«ақын дық мектебі» деген буржуа-
зия лық-обьективтік концепцияның
уағыз далып келгендігі, тарихи шын-
дықтан аулақ бұл концепциядан
Абай шәкірттері деген жалған бағыт
туындағанын, ол ақынды халыққа
жат және буржуазияшыл-ұлтшылдар
деңгейінен асырмай, әдебиет та-
рихындағы өнерпаздың тұлғасы мен
дәстүрін төмендетуге дейін апар ған
қателіктердің орын алғаны» және
т.б. саяси қателер ғылыми-зерт-
теушілік ой-пікірге үлкен айып бо-
лып тағылды. Ол осы айтыстың
қорытындысында: «Абай мектебінің»
концепциясын тұңғыш рет қазақ әде-
биетінің тарихына профессор М. Әуе-
зов енгізді. Дәл осы сияқты саяси
қатені С. Мұқанов, Қ. Жұмалиев,
Е. Ысмайылов, А. Жиреншин жаса-
ды, бұлар бірсыпыра еңбектері мен
оқу құралдарында марксизмнен аулақ
кетіп, тарихи-әдебиеттік процесті ре-
акцияшыл «бірыңғай ағым» рухын-
да көрсетті», – деп тұжырымдалды.
Абайдың тарихтағы орнын жақсарту
мен ұлылығын көрсету үшін шә-
кірттерін күмәнді адамдармен тол-
тыру Абайға қиянат деп табылды.
Айтпаққа орай, «тұрпайы социо-
логизм» ықпалына бой алдырған,
нигилистік көзқарасты дәріптеуге
бет алған әдеби сын «Социалистік
Қазақстандағы» «Абайды зерттеу-
дегі бұрмалаушылыққа қарсы» (4
шілде) деген бас мақаладан өріс
алды. Б. Сахариев «Абай шәкірт-
тері деген кімдер?», Қ. Туғанбаев
«Абайдың ақындық мектебі тура-
лы», М. Сильченко мен Н. Смирнова
«Қазақ әдебиетінің тарихы партия
жолымен, марксизм-ленинизм жо-
лымен зерттелсін», «Правдиво ос-
вещать жизнь и творчество Абая»
(284), М. Сильченко «Состояние и
задачи научной разработки наследия
Абая» секілді мақалалар жариялап,
әдебиетші-ғалымдар арасындағы ұлт-
шылдық бұрмалаушылыққа барған
«зиянкестерді» әшкерелеу науқанын
жалғастырып жатты. Оларда Абай
мұрасын маркстік-лениндік әдіснама
негізінде зерттеп, түзету талап етіліп
жатқанымен, әсіре тапшылдыққа
салынудың салдарынан тұрпайы со-
циологизм мен нигилизм сарыны
айқын сезіліп тұрды.
Ұлттық әдебиеттану ғылымына
ұлтшылдықты әшкерелеу саясаты-
на сүйенген «тұрпайы социоло-
гизм» теориясының шабуылы абай-
тануға байланысты ғана жүргі-
зілген жоқ. Ол қазақ фольклорын,
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У