Хх ғасырдағы қазақ әдебиеттану ғылымы Оқулық Ре по зи то ри й Ка рг у әож кбж



Pdf көрінісі
бет299/444
Дата03.10.2024
өлшемі3,59 Mb.
#146739
түріОқулық
1   ...   295   296   297   298   299   300   301   302   ...   444
Байланысты:
Okulik XX kazak adebiet

ІІІ БӨЛІМ. 
Қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасу жолдары
нан хабарлағандай еді. Алғашқыда 
аңысын аңдыған қазақ әдебиеттану 
ғылымы көп ұзамай-ақ даңғыл жолға 
бастаған бұрынғы сүрлеуін іздеп тап-
ты. Ғылыми ортадан аластатылған 
әдебиетші кадрлар қайта оралып, 
өз мақалалары мен еңбектерін жа-
риялай бастауға мүмкіндік алды. 
Әдебиет тарихы мен теориясының 
мәселелерін зерттеуде үзіліп қалған 
жолды әрі қарай жалғастыруға бар-
лаулар жасала бастады. Ол үшін 
орын сыз қараланған жеке дарындар-
ды «тұрпайы социологизмнің» бат-
пағынан тазалап алу керек болды. 
1954-1955 жылдары ұлттық ғы-
лыми-зерттеушілік 
ой-пікірдің 
«тұр пайы социологизм» теориясы-
на қарсы күреске шығуына жол 
бас таған тағы да Абай мұрасын 
жаңашыл көзқараста жан-жақты 
зерттеудің қолға алынуы еді. Осы екі 
жылда ұлы ақынның қайтыс болуы-
на 50 жыл, туғанына 110 жыл толу-
ына байланысты мерзімді баспасөз 
бетінде орыс, қазақ тілдерінде 
жүзден астам мақала жарияланып 
үлгерді. Әрине, барлығы бірдей Абай 
шығармашылығы мен оның зерттелу 
жайы туралы ғылыми сипатта бола 
қойған жоқ. Алайда жанрлық және 
көркемдік әдіс, жаңашылдығы мен 
ақындық шеберлігі, дүниетаным-
дық көзқарасы, текстологиясы, өлең 
құрылысы, образ жасау шеберлігі 
секілді теориялық мәселелер тұр-
ғысынан 
қарастыра 
бастаған 
мақалалар ғылыми-зерттеушілік ой-
пікірдің бір қадам алға басқанын 
танытты. Абай қазақ әдебиетінің 
негізін салушы, классик екені алғаш 
айтылмағанымен, ғылыми тұрғыда 
негізделді, сыншы реалист екені рет 
дәлелденді. Соның негізінде Абай 
шығармаларының екі томды, жинағы 
(1954), «Абай өмірі мен творчество-
сы» (1954) атты зерттеу мақалалар 
жинағы, Т. Әлімқұловтың «Абай», 
Б. Кенжебаевтың «Абай – қазақ 
халқының реалистік әдебиетінің 
негізін салушы», Х. Сүйіншәлиевтің 
«Абай – қазақ халқының ұлы ақы-
ны және ағартушысы» секілді кітап-
шалары жарық көрді. Тіпті кеше ға-
на Абайды даттаушылардың бірі – 
С. Нұрышевтың «Абайдың аудар-
ма жөніндегі тәжірибесінен» атты 
кітапшасына қарасақ, «тұрпайы со-
циологизм» өз позициясын жоғалта 
бастағанын байқаймыз. Бұл ұлт тық 
ғылыми-зерттеушілік 
ой-пікірдің 
үл кен жеңісі еді. Ол бұл бағыттағы 
ізденістерін баянды ету мақсатында 
Шоқан мен Ыбырай мұрасын зерттеу-
де де жалғастыра түсті. Шоқанның 
ағартушылығы мен орыс достары ту-
ралы көбірек шиырлаған ой-пікір ен-
ді фольклорист, публицист, әдебиет-
ші, тарихшы секілді қырларына кө-
ңіл аудара бастады. Ал Ыбырайдың 
ағартушылық, педагогтік қызметін 
сөз ету тереңдеп, балалар әдебиетінің 
атасы, қазақ прозасының негізін са-
лушы ретіндегі тұлғасы ашылып, 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


318


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   295   296   297   298   299   300   301   302   ...   444




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет