ІІІ БӨЛІМ. Қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасу жолдары
дәуір орнағаннан беріде қалыптасып
қалған ой көзқарасты бұзып-жарып
шығу қиынның қиыны еді. Кеңестік
идеологияның осы конференция-
ны
ұйымдастырғандағы
негізгі
мақсатының өзі ғылыми ой-пікірді
шашау шығармай маркстік-лениндік
әдіснаманың қағидаларының шең-
бе рінде ұстау болатын. Бұл мақ-
сатына қиындықсыз жетті де. Ол
конференцияның түйіні болып табы-
латын қорытындысындағы бүгінгі
күнгі көзқарас бойынша сәтсіздік
болып табылатын төмендегідей кем-
шіліктер сипатында көрініс тапты:
1.Фольклорлық мұраны зерттеу дің
заман талабына сай өзекті мәселе ле-
рі көтеріліп, маркстік-лениндік ілім
қағидаларына орай тексерудің негізгі
бағыт-бағдарлары анықталғанымен,
1947 жылғы қаулыдан кейін қате
деп табылған жаңа ізденістері ақтал-
май қалды. Қазақ фольклорының
бұрын сөз болған жанрларын зерт-
теу мәселесінің көтерілмеуін бы-
лай қойғанда, тарихи жырлар тура-
лы бірде-бір сөз айтылмауы идео-
логиялық қателік жіберіп алмаудан
сақтану ғана емес, конференцияда
талқыға түсетін мәселелердің алдын
ала белгіленіп берілгенін байқата-
ды. «Основные проблемы изуче-
ния фольклора» деген тақырыпта
негізгі баяндама жасаған Н. Смир-
нова қазақ фольклорының зерттелу
тарихын термелей келе, оның өзінде
орыстың ориенталист, фольклорист
ғалымдарының еңбектеріне көбі-
рек көңіл аудара отырып, кеңестік
дәуірдегі фольклордың мәселелерін
көбірек сөз етіп кетті. Оны мәскеулік
В. Сидельников: «Доклад Н. Смир-
новой имеет програмный характер.
В нем намечены вопросы. кото-
рые қазахские фольклористы будут
разрабатывать в ближайшее вре-
мя», – деп атап көрсетті де [1, 307].
М. Ғабдуллин жарыссөздегі сөзінде
батырлар жырының шығу төркіні
мен
тарихқа
қарым-қатынасын
анық тау мәселесінен әріге бара қой-
ма са, Б. Адамбаев шешендік сөз-
дер ді зерттеудегі кемшіліктер бол-
ғанын көрсете келіп, әдеби мұраның
халықтығы мен таптығы қағидасына
табан тіреп, шешендік сөздер би-
шешендердікі емес, еңбекші халықтікі
деп тапты. Жалпы алғанда, конферен-
ция алда жазылып шықпақшы қазақ
әдебиеті тарихының көп томдығының
фольклорға арналған кітаптарында
қамтылатын негізгі мәселелер мен
жанрларды және оларды тексерудегі
әдіснамалық әдіс-тәсілдер мен бағыт-
бағдарды бұлжымастай етіп бекітіп
берді.
2. Ұлт әдебиетінің тарихын ежел-
гі дәуірдегі жазба ескерткіштерден
бастау керек деген Б. Кенжебаевтың
үлкен білгірлікпен ұсынған жоба-
сы қабылданбай қалды да, ХVІІІ ға-
сырдың ІІ жартысынан, яғни Бұ қар
жырау шығармашылығынан бері
қа рай ғана қарастыруды дәлелдеп
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У